Аудан әкімінің құттықтауы
Баршаңызды тарихи мәні зор, мерейлі мереке 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1995 жылы бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданған республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде тиімділігін дәлелдеп, сол күннен бастап тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді.
Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатының артуына қол жеткіздік.
Осынау мерейлі мереке қарсаңында Сыр бойының киелі топырағында, қасиетті Қазалы жерінде тың бастамалар мен жаңадан бой көтерген әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға беріліп, әлеуметтік-экономикалық дамуда қарқынды өзгерістердің куәсі болып келеміз.
Қымбатты жерлестер!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.
Әрбір қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.
Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін.
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев