Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік құттықтау

Мерекелік құттықтау

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді азаттығымыздың айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан тура жиырма алты жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің жасампаз жаңа дәуірге қадам басқаны белгілі.
Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» сияқты іргелі заңдардан бастау алған бүгінгі Конституцияны – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор Ата Заң.
Біз тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Сондықтан баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтай білейік.
Баршаңызға амандық-саулық, бейбіт өмір, берекелі де мәнді тұрмыс-тіршілік, шаңырақтарыңызға баянды бақыт тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар ОРАЗБАЕВ
28 тамыз 2021 ж. 350 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930