Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам – сан ғасырлар бойы қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлттар мен ұлыстардың ынтымағын нығайтып, арман-тілегін бір арнаға тоғыстырған мереке.
Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Қиын кезеңдерде ата-бабаларымыз елімізден пана іздеп келгендердің бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, бір үзім нанды бөліп жеді. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Берекесі мен қазанын ортайтпаған, қанағатшыл болып, өзгені өзекке теппеген халқымыз ұтымды іспен, орамды оймен құшағын кеңейтіп келеді.
«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» демекші, қасиетті Қазалы жерінде бүгінде 10-нан аса этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, егемендікті баянды, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолында еңбек етуде.
Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде, экономикасы өрге басып келеді. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша облыста жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Бүгінгі мереке қарсаңында барша аудан тұрғындарына бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымақ, бірлігі арта берсін.
Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі
Мұхтар Оразбаев
30 сәуір 2022 ж. 616 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930