Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олқылығы көп онлайн ойын

Олқылығы көп онлайн ойын

«Бұрын балалар аулада саздан мүсін жасап, құмда ойнайтын. Қала берді түрлі спорт үйірмелеріне барып, бос уақытында өзіне ұнаған іспен шұғылданатын. Ал қазір мұндай қызығушылықтың орнын онлайн ойын алмастырған. Олар гаджетке телміріп, желідегі түрлі танымал ойындарға тәуелді болып бара жатыр. Бүгінде балалардың уақытын ұрлап жатқан ұялы телефонда түрлі онлайн ойындар бар. Солардың ішінде жеткіншектер арасында кеңінен қолданысқа ие болып тұрғаны Roblox ойыны. Ендеше, аталмыш ойын туралы толығырақ қаузасақ.
Roblox мобильді ойын ойнайтын баласы бар ата-аналарға өте жақсы таныс. Бұл ойын ересектермен қатар жасөспірімдер арасында танымал. Онда қолданушыларға өз ойындарын құрастыруға мүмкіндік қарастырылған. Сондай-ақ түрлі жанрларды қамтитын ойындарды ойнауға мүмкіндік береді және оны қауымдастыққа жариялауға болады. Оны желіде телефон немесе планшет қосымшасы, сондай-ақ веб-камера арқылы ойнауға болады. Ойын барысында қолданушылар түрмеден қашу, пиццериядағы жұмыс, акулаларға шабуыл немесе апаттан аман қалу сияқты түрлі әрекеттерді сценарий бойынша белгіленген рольді сомдау арқылы орындайды. Кейбір дереккөздерде Roblox атауы метавсель деп те аталады. Ал бұл ойын туралы статистика былай сөйлейді. 2020 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Roblox-та айына 164 миллионнан астам адам белсенділік танытса, ал 2021 жылдың қазан айында 226 миллионнан астам адам қолданған. Олар осы ойынды ойнау үшін желіде 107 миллиард сағаттан астам уақытын жұмсаған екен.
Бүгінде осы ойын ата-аналардың назарын өзіне аудартып отыр десек артық айтпаймыз. Оған балалардың ойын барысында өз-өздерімен сөйлесіп не түсініксіз әрекеттер жасауы себеп болып отыр. Негізінде бұл ойын пайдаланушыларға, соның ішінде балаларға әртүрлі мазмұндағы ойындарды ұсынады. Оның барлығы балаға жағымды деп айту қиын, жағымсыз тұстары да жетерлік. Сондықтан ата-аналар алаңдаушылық білдіріп қоймай, баланы бұл ойынның шырмауына қалай қорғаймын деп дабыл қағуы қажет секілді.
Сарапшы мамандардың сөзіне сенсек, аумағы үлкен мұндай платформаны құрушылардың өздері Roblox-тың қоғамға зиянды тұсы жоқ деп сеніммен айта алмайтын көрінеді. Себебі оны қолданатын әлемнің төрт бұрышындағы адамдар платформаға еркін кіріп, мазмұнын өздері құрастырып, қалаған нәрсесін жасай алады. Ал бұл тиісінше қоғамдық сананы улап, балалардың теріс әрекетке баруына итермелеуде.
Иә, бүгінде әлем балалары үшін бұл платформа түрлі артықшылықтарды жасап отыр. Дегенмен сол ойынның тұңғиығына батқан балалар түрлі қауіп-қатерге ұшырап жатқандығын айтпасақ тағы болмайды. Олар қосымша арқылы түрлі бейне ойындардың құрбаны болып жатқандығын өздері де жете түсінбейді. Тіпті бұл платформада нацистік параферналия мен балаларға жат анайы іс-әрекеттер де көрініс тауып жатыр. Сондықтан мұндай мазмұндағы бейнелерді балаңыздың көруіне тосқауыл болып, оларға Roblox платформасынан болатын қауіптердің алдын алғаныңыз жөн дейді сарапшылар.
Ал Адина есімді тұрғын әрбір ата-ана балаларының не ойнап жүргенін білуі міндетті және ойынымен танысуы керек деп есептейді.
– Ата-ана ретінде балаларымның қандай ойын ойнап, телефоннан көріп жатқандығы мені де алаңдатады. Бірақ кейде тіршіліктің қамымен оларды назардан шығарып алып жатамыз. Соңғы уақытта ұл-қыздарымның «Roblox» деген онлайн ойын ойнап жүргендігін аңғардым. Не ойын, мазмұны қандай? деген сауалмен өзімше ізденіс жүргіздім. Алғашында түрлі түсті бейнелерге толы қалыпты платформа болып көрінген, кейін түрлі жанрдағы бейнелерге көзім түсті. Бейәдеп әңгімелер, жалаңаштанған адамдар, сексуалдық сипаттағы әрекеттер бейнеленген роликтерді көргенде жағамды ұстадым. Содан балаларымның бұл ойынды ойнауына тыйым салдым. Әрине олар басында ренжіді. Балаларыма мұндай ойынды ойнауға болмайтындығын ақырындап түсіндірдім. Сөйтіп оллардың қызығушылығын басқа арнаға бұруға тырыстым. Өзге ата-аналар балам жай ойын ойнап отыр екен деп қарамай, бос уақытын қайда жұмсап жатқандығын әдетке айналдырса екен, – дейді Адина Қонысқызы.
Балаларды бұл ойыннан қанша шектесеңіз де, қалай болса да олар ойынды ойнаудың амалын табады. Сондықтан оларға түбегейлі тосқауыл болмасақ та, Roblox платформасының арнайы нұсқаулығын пайдалана отырып, ойын параметрлерін шектеп, оларды қауіптен сақтаудың алдын алған жөн болар еді.

Арайлым ЖҮСІПОВА
27 тамыз 2022 ж. 1 087 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930