Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбие: Ойнаған бала алғыр болады

Тәрбие: Ойнаған бала алғыр болады

Бүгінгі жедел өзгерістер заманында балаға берілетін оқу жүктемесі жүйкесіне ауырлық түсі­ріп отыр. Осыны аңғарған ше­телдік педагог мамандар са­бақ уақытында балаға қажет дене қозғалысының қимыл-әдістерін ұсынуда. 
Мамандар баланың мінез-құлқы мен қызығушылықтарын зерттей отырып, олар үшін ортақ әрекет ойын екенін анықтады. Яғни ойын арқылы балалар өз әлемін қалыптастырып, физикалық қабілетін дамыта алады екен. Жоғарыда айтылған ойын әдістемесін АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласында орналасқан бір мектептің бастауыш сыныптарында арнайы тәжірибеден өткізіпті. Нақтырақ айтқанда, 1-сынып оқушыларына таңертең және кешке 15 минут үзіліс беріп, далада ойнатқан. Нәтижесі – таңғаларлық. Балалардың оқуға деген ынтасы артып, белсенділігі жоғарылаған. Ата-аналары да оң өзгерісті бірден байқаған. Кейбірі балаларының еркін және көпшіл бола бастағанын аңғарған. Себебі сыныпта отыра бергеннен гөрі, ойын алаңында дос табу әлдеқайда жеңіл. Арада бес ай өткенде барлық оқушы үздіктер қатарына қосылған. Бұл тәжірибе АҚШ педиатрия академиясында талқыланып, ойынды үзілістерге «баланы тәрбиелеудің өзегі» деген баға берілген екен. «Осы ойын арқылы оқытудың нәтижесінде балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік туады» деп мәлімдепті идея авторларының бірі профессор Дебби Реа. Ойын педагогикасының өз реті мен тәсілін де ескерген дұрыс. Айталық, балаларды қандай ойындар қызықтырады? Жүргізілген бақылаулар көрсеткендей, бұл бірінші кезекте балалардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бала неғұрлым эмоционалды, белсенді болса, солғұрлым қозғалмалы ойындарды қызықтайды. Ал сабырлы бала психикалық ойлы ойындарды артық көреді. Сонымен қатар ер бала мен қыз баланың қызығушылықтары әртүрлі болатынын ескерген жөн. Ойын тәжірибесін қолданушылар бастауыш жасындағы балалардың мінез-құлқының ерекшелігін 3 топқа бөліп қарастырған. Бірінші топқа қозғалысы көп, эмоционалды балаларды жатқызған. Оларды жүгіру, секіру, жарыс түрінде өтетін ойындарға бейімдеген. Екінші топқа қозғалыс белсенділігі төмен балалар жатқызылып, оларға ақыл-ой белсенділігі басым ойындар ойнатылған. Бұл оқушылардың дені қыз балалар. Үшінші топқа мүлдем қозғалысы төмен оқушылар. Бұл топқа іс жүзінде тек қыздар кіріпті. Оларға партадан алыс кетпей, тек бір орында отырып ойнайтын тәсіл қолданылған. Біздің айтпағымыз, жоғарыдағы факторларды ескере отырып, ең болмағанда сабақ арасындағы үзілісте осындай ойындарды ұйымдастыруға бізде де негіз бар. Сондықтан мектептегі ойын алаңдарын аталған педагогикалық тәсілге неге қолданбасқа?! Яғни ойын дегеніміз – балаға білімді сіңірудің таптырмас құралы екені анық.
 Сандуғаш АХМЕТБАЕВА.
egemen.kz
30 мамыр 2018 ж. 2 317 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 68

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 69

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 69

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 51

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031