Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық өнертапқыштар садақ атудың онлайн нұсқасын жасады

Қызылордалық өнертапқыштар садақ атудың онлайн нұсқасын жасады

Қызылордада жас өнертапқыштар садақ ату ойынының виртуалды үлгісін жасап шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай компьютерлік ойын Қызылордада алғаш рет жасалып отыр. Жергілікті Абылайхан колледжінде оқитын Абылайхан Қарсақбай, ағайынды Сұлтан мен Бек Қази осылайша жаңашыл ісімен өздерін жақсы қырынан таныта білді. 3Д үлгісінде әзірленген туынды мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Бұл ойынды дайындауға олардың 4 айға жуық уақыты кеткен. «Қазір интернет арқылы көптеген ойындарды көруге болады. Оған құмар жас өрендер көп. Десе де онда қазақтың ұғымына сай келетіні саусақпен санарлық.
Тіпті, жоқ десек те болады. Мені және бірге оқитын достарымды осы мәселе ойландыратын. Ойласа келе бір шешімге келдік. Ұлттық ойындарды жасауға назар аударғанды жөн көрдік. Жаңа жобамыз осылайша өмірге енді. Оны жасау барысында барлық ұсақ-түйекті ұмыт қалдырмауға тырыстық. Мақсатымыз өз нәтижесін берді. Садақ тарту ойыны көрген адамдарды өзіне баурай түсті. Осы салада жемісті еңбек етіп жүрген жергілікті ғалымдар мен мамандардың ақыл-кеңесіне құлақ түрдік. Олар өздерінің жоғары бағасын берді», - деді Абылайхан. Жас өнертапқыштың айтуынша, компьютерлік ойынды жасау арнайы бағдарламалар бойынша әзірленген. Бұл бағытта ойындарды өңдеу құралы пайдасын тигізді. «Бүгінде оны компьютердегі виртуалды ойындар тізіміне енгізу бағытында тиісті іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Оның өз талаптары бар. Әлемде бұл бағытта қызмет атқарып жатқан компаниялар бар. Біз сол компаниялар арқылы өз жобамызды кеңінен насихаттауға көңіл бөлдік. Біз тек садақ тартумен ғана шектеліп қалғымыз келмейді. Алда үлкен жобалар күтіп тұр. Енді сол бағытта жұмыс жүргізсек деген ойымыз бар. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар секілді қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау жоспарда бар. Осылайша компьютер мен ұялы телефонға үңілген жастарға сол арқылы ұлттық ойындарды үйретсек дейміз. Оларды VR ғана емес, компьютерге де, ұялы телефонға да шығару ойымызда бар», - деді Абылайхан.
Қазіргі таңда колледжде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар арасында түрлі жобаларды жүзеге асырып жүрген өнертапқыш өрендер баршылық. Атап айтқанда, Сержан Жұмажанов колледж студенттеріне арналған Telegram-бот бағдарламасын жасау үстінде. Ал, бір топ студенттер «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған» ойыншық құрастыруға көңіл бөліп отыр.

10 наурыз 2020 ж. 655 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 72

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 73

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 71

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031