Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан ахуалымен танысты

Аудан ахуалымен танысты

Облыс әкімінің орынбасары Серік ­Ахмет Қазалы ауданына сапарын ақсақалдарға сәлем беруден бастады. Аудандық ардагерлер үйінде өткен кездесуде ел ағалары мен ақ жаулықты аналардың ой-пікірлерін тыңдады.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов өздері орналасқан ғимараттың тарихымен таныстырды. Мұнда тынығу орындары мен жаттығу жасайтын түрлі құрылғылар бар.
Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадион, аудандық оқушылар үйі, 600 орындық мәдениет үйінің ғимаратына да арнайы ­барып, мекеме жұмысымен танысты.
Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағына да ат басын бұрып, оның тарихымен танысты. Саябақ ішінде орналасқан ескерткіштер туралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев айтып берді.
Сондай-ақ, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығынан Жалаңтөс батырдың 445 жылдығына орай еңселі ескерткіш салынып жатқан аумаққа барды.
Қазіргі таңда ескерткіш айналасында аумағы 800 шаршы метр болатын жер абаттандырылуда. Жоба бойынша ескерткіш айналасы қоршалып, бас қақпа орнатылады. Сондай-ақ, 2 дана ротонда салынып, 3808 шаршы метр жерге брусчатка төселеді. Темір бетонды аяқсу арықтарын орнатылып, көлік тұрағын салу қарастырылған. Сонымен қатар, 30 дана жарықшам, 20 отырғыш пен қоқыс жәшіктері және нысанға жақын орналасқан электр желілері жаңартылатын болады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 қазан 2021 ж. 608 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 128

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 125

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 93

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031