Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйтеке би кентіндегі жеті көшеге қиыршық тас төселуде

Әйтеке би кентіндегі жеті көшеге қиыршық тас төселуде

Аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 7 көшеге қиыршық тас төселуде. Олардың қатарында ұзындығы 1 шақырымға жуықтайтын Қ.Қартақов көшесі бар.
Одан бөлек, Қ.Ибрагимов, И.Байзақов, Бейбітшілік, Ә.Қашаубаев, Жанқожа батыр 3 км көшелері мен Біржан сал көшесінің бас жағына қиыршық тас төселуде.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қиыршық тас төселіп жатқан көшелерге арнайы барып, жұмыс барысын көрді.
Атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мердігер мекеме "Қазалы жолаушы" ЖШС директоры Бекқали Бекбауылов айтып берді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев көшелерге қиыршық тас төсеу жұмыстарды жобаға сәйкес жүргізу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, атқарылатын жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды. Жұмыстың сапасын қадағалауды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқаппен бірге 250 орындық мектептің құрылысын көрді.
Мердігер мекеменің жауапты қызметкері бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша айтып берді. Жауапты маманның айтуынша, қазіргі таңда құрылысқа қажетті материалдарға тапсырыс берілген.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс қарқынын әлде де күшейтіп, құрылысшылар санын көбейту қажеттігін айтты.
Тиісті сала басшыларына құрылыстың сапалы әрі уақытында аяқталуын қадағалауды тапсырды.
#Қазалы
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 тамыз 2022 ж. 610 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031