Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілер 15 қыркүйекке дейін табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс

Мемлекеттік қызметшілер 15 қыркүйекке дейін табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыруы тиіс

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады. Мемлекеттік кірістер комитетінде декларацияны толық емес немесе кешіктіріп тапсырудың салдары қандай екенін түсіндірді.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінде егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде табыс етілмесе, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектелетіні белгіленген («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабының 1-тармағы).
Ескерту жасалғаннан кейін жеке тұлға тарапынан бір жыл ішінде қайталап бұзушылық орын алған жағдайда - он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл бүгінгі күні 45 945 теңгені құрайды (ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы).
Егер декларацияда салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, дұрыс емес мәліметтер қамтылса, онда салық органдары да бірінші рет ескертумен шектеледі (ӘҚБтК-нің 275-бабының 2-1-тармағы).
Ескертуден кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер үш АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2-2-тармағы).
Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілерін жасырған жағдайда, жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық сомасының екі жүз пайызы мөлшерінде (ӘҚБтК-тің 275-бабының 1- тармағы) және егер мұндай бұзушылық қайталанса, үш жүз пайыз мөлшерінде айыппұл көзделген (ӘҚБтК-тің 275-бабының 2 тармағы). Бұл шара, егер жеке тұлғалар хабарлама берген кезде салық міндеттемелерін орындамаса және салықтық тексеру жүргізілсе қолданылады. Бұзушылықты өз бетінше жою кезінде айыппұлдар салынбайды.
Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдарға қатысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға, шоттар (салымдар) ашуға және иеленуге тыйым салынғанын еске саламыз («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ 12-бабы). Көрсетілген міндеттемелерді орындамау олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.
Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қағаз түрінде 15 шілдеден кешіктірмей, ал электрондық түрде 15 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруға болатынын еске саламыз.
02 тамыз 2022 ж. 487 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930