Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылдан бастап қазақстандықтар кірістері мен мүлкі туралы есеп береді

2020 жылдан бастап қазақстандықтар кірістері мен мүлкі туралы есеп береді

     Қаржы министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтері мен міндеттемелері туралы кімдер декларация көрсетуі тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
    ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Такиевтің айтуынша, келесі адамдар өзінің кірісі туралы мемлекетке есеп беретін болады:
Бірінші, барлық кәмелет жасына толған Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде оралмандар мен бір жерде тұруға рұқсат қағазы бар адамдар.
    Екінші, қандай да бір мүлік пен жер үлесіне ие кәмелетке толмаған тұлғалар. Үшінші, Қазақстан Республикасы аумағында мүлігі бар шетелдіктер.
    Алдын ала деректер бойынша 2020 жылы декларация көрсететіндер саны – 12 млн 900 мың адам, соның ішінде қала тұрғындары 7 млн 400 мың адам, ауылдық жерде 5,5 млн адам.
«Үйіңізде сақтап отырған қолдағы қаражатыңыздың бәрін көрсетесіз. Егер сома 500 АЕК-тан асып кетсе (шамамен 12 млн теңге) банктен шот ашып, сол жерге ақшаңызды салуға тиіссіз. Яғни, банкте осындай көлемде ақшам бар деп көрсетуіңіз қажет. Ал кәмелетке толмағандар үшін олардың ата-аналары, болмаса қамқоршылары ЖСН арқылы декларация көрсете алады. Ал қаржыны қайдан алғаныңызды растау керек емес. Алдағы уақытта өзіміз мониторинг жүргіземіз», - деді Такиев.
    Ол декларациялау жүйесін жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктерін тексеру, сондай-ақ көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлық фактілерімен күресу мақсатында енгізілетінін айтты.
   «Декларациялау жүйесіне кірместен бұрын жеке тұлғаның 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша несиелік, дебиторлық қарыз, қолма қол ақша, банк шоты секілді барлық мүлкі көрсетілетін «№250 Форма» атты кіру декларациясы ұсынылады. Декларацияны көрсетудің екі мерзімі бар: қағаз арқылы 15 шілдеге дейін; электронды түрде 15 қыркүйекке дейін. Әрі қарай жыл сайын «№260 Форма» қысқаша декларациясын жылжымайтын мүлік, жер, көлігінің қатысынсыз еңбекақы алатын студенттер, зейнеткерлер мен азаматтар ұсынады. Кеңейтілген декларацияда мүлік, жер, инвестициялық алтынды өткізу арқылы тапқан барлық кіріс көрсетіледі», - деді ол.

Baq.kz
19 шілде 2018 ж. 961 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930