Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау

Сыңғырла, соңғы қоңырау

Биылғы оқу жылы да аяқталып, мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя білім ордасымен қоштасатын сәті де келіп жетті. Өткен сәрсенбіде осыған орай Қазалы ауданындағы барлық мектептерде соңғы қоңырау соғу шарасы салтанатты түрде өтті.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, облыстық мәслихат депутаттары Мнажадин Өтеев, Ібайдулла Тілеп пен аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов қасиетті топырақтағы беделді білім беру ұйымдарының бірі Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейге арнайы барып, жас түлектердің қуанышымен бөлісті.
Мерекелік шарада мектеп алаңына түлектердің төрт сыныбы салтанатты түрде құрмет-қошеметпен шақырылды.
Шашына ақ бантик таққан қыздар мен ақ көйлек киген ұлдарды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтап, жаңа өмірге қадам басқан түлектерге ақ жол тіледі.
– Мектеп бітіру мерекесі әр адамның өміріндегі ерекше ұмытылмас күндердің бірі. Себебі тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан бүгінгі түлектер білім нәрімен сусындаған мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұр. Жалпы биылғы оқу жылында ауданымызда барлығы 684 бала мектеп бітірсе, 612-і Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Олардың арасынан 57 оқушы «Алтын белгіге», 61 оқушы «Үздік атестатқа» үміткер. Мұның ішінде республика көлеміне танымал, таланттар ұстанахасы саналатын Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейден 13 оқушы «Алтын белгімен», 17 оқушы «Үздік аттестатпен» бітіргелі отыр. Барлығыңызға сәттілік тілеймін, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң пәндік олимпиада жүлдегерлері мен түрлі сайыстарда жеңіске жеткен оқушылардың ата-аналарына «Алғыс хат» тапсырды. Салтанатты жиында мектептің ата-аналар кеңесінің төрағасы Кемал Көпжасаров та құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге батасын берді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

28 мамыр 2022 ж. 1 121 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 64

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 55

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930