Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа райы: Қазақстанның кей өңірінде қатты жаңбыр жауады

Ауа райы: Қазақстанның кей өңірінде қатты жаңбыр жауады

Синоптиктер 27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасының аумағы бойынша фронталды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, көктайғақ болып, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында – шаңды дауыл, солтүстікте, батыста және таулы аудандарда – 15-25 м/с жел соғады, оңтүстікте, солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыс орталығында шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғады, солтүстікте, батыста, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, найзағай, бұршақ, дауыл болады.
Қостанай облысында – 15-20 м/с жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде – найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде – найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде – найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігі мен шығысында – 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында күндіз найзағай ойнайды, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы, Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.
Шығыс Қазақстанның облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
27 мамыр 2022 ж. 446 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930