Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпағына мақтаныш әке жолы

Ұрпағына мақтаныш әке жолы

Екінші дүниежүзілік соғыс талай жанды туған жерден еріксіз жырақтатты. Қазақ даласында да соғыстың салқыны тиген шаңырақ аз болмады. Зұлматты жылдарда майданға аттанған ерлердің оқ пен оттың ортасынан аман-есен елге оралғандары еңбекке араласып, бойын қайта тіктеді. Бүгінде ұрпақтарының қолында тек медаль толы костюмі қалған Еңбек ері Қоныс Ермекбаев та Отан үшін қан майданда қару асынғандардың қатарында болды.
1917 жылдың 15 маусымында дүниеге келген Қоныс Ермекбайұлы әкесінен ерте айырылады. Ашаршылық жылдары өмірден озған әкесін жоқтатпай шешесі күн-түн демей «қайтсем ұл-қызымды жетілдіремін» деп бел жазбай еңбек етті. Алты кластық білімі бар Қоныс Ермекбайұлы 1939 жылы әскер қатарына алынды. Соғыс басталған тұста әскери борышын өтеп жүрген бозбала 1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысады. Атқыштар дивизиясында болған. Ұрыста сол қолынан ауыр жарақат алып, соғысқа жарамсыз деп елге қайтарылады. Туған топыраққа табаны тиген соң егін егіп, бақша баптаумен айнылысады.
– Әкемнің екі қарындасы интернатта жатып, білім алады. Қолында шешесі, біреуден кейін, біреуден ілгері қарапайым тұрмыс кешеді. Қазір аграрлы-техникалық колледждің орнында болған бұрынғы атты әскерде арба сүйреп, күн көріске пұл тауып жүреді. Бір күні сол замандарда сауда саласында елеулі еңбек еткен, әкемнің ағайыны болып келетін Нағашыбай Садиров деген кісінің көп көмегі тиді, – деп әкем марқұм есімін үнемі ауызынан тастамай айтып отырушы еді. Әкемді ат арбадан шығарып алып, базарға қояды. Қасапшылықпен айналысып, ет шапқан. 1950 жылы анамыз Рахима Жанұзаққызымен отау көтеріп, үш ұл, төрт қызға әке-шеше болды, – дейді Серік Қонысұлы.
Қилы кезеңде өмір сүрген бала Қоныс отбасымен халық басы ауған жаққа безіп кеткен. Ашаршылық жылдары әке-шешесімен Қарақалпақстандағы Тақта көпір қаласына көшіп барады. Кейіннен Қазалыға қоныс аударады. Жүкші де, қасапшы да болған ол кейіннен халыққа қызмет көрсету сауда орталығында еңбек еткен.
– Жас күнімізде «Әке, соғыс туралы айтыңызшы? Қалай болды?» деп сұрай беруші едік. Балалықпен жарасына тұз себетінімізді білмедік қой. Әкем кәдімгідей қиналып қалатын. Жанары суланып, ойға шомып кететін де: «Жауға шыққанда командирлеріміз «вперед» десе, алға қарай ұмтыла береміз. Артқа шегіну жоқ. Аппақ омбы қардың үсті қып-қызыл қан болады. «Көмектес» деп айқайлаған дауыстар жан-жақтан жамырай шығады. Оларға қарайлауға мүмкіндік жоқ, алға қарай жүгіреміз. Командирден «назад» деген бұйрық келмейінше кейін қайтуға болмайды. Егер кері қашсаң, командир өзі-ақ атып тастайын», – деп терең күрсінгенде денем түршігіп кететін. Қазір шүкір, бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Міне, мынау көзі тірі кезінде алған медальдары мен «Құрмет» грамоталары. Немерелеріме, үлкен аталарың осындай кісі болған деп мақтанышен айтып беріп отырамын. Костюмін көзімнің қарашығындай сақтап қойдық. Біз үшін біздің үйдегі ең асыл қазына осы, – деп Серік Қонысұлы әңгімесін аяқтады.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
24 мамыр 2022 ж. 814 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031