Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай ғалымдары қартаюды баяулатудың жолын тапты

Қытай ғалымдары қартаюды баяулатудың жолын тапты

Фото: ©Pixabay.com
Қытайлық ғалымдар ағзаның қартаюын тежейтін әдіс ойлап тапты - олар жасқа байланысты өзгерістерге төзімді ерекше жасушалар жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Cell журналында жарияланған деректерге сәйкес, макакаларға жүргізілген тәжірибеде бұл жасушалар жүйелі қартаюды баяулатып, мидың жұмысын жақсартып, тіпті репродуктивті функцияны ішінара қалпына келтірген.

Жаңа жасушалар SRCs (senescence-resistant cells) деп аталды. 44 апта бойы ғалымдар оларды қартаң приматтарға тамыр арқылы енгізіп, өзгерістерді бақылады. Нәтижелер таңғаларлық болған: жануарларда «кәрі» жасушалардың саны азайып, қабыну мен тіндердің деградациясы бәсеңдеді. Бұдан бөлек, SRCs миды нығайтып, есте сақтауды жақсартуға және жыныс жүйесіндегі қартаю белгілерін баяулатуға көмектесті.

Мамандардың айтуынша, мұндай жасартушы әсердің бір себебі - экзосомалар. Бұл - SRCs бөліп шығаратын микроскопиялық көпіршіктер, олар жасушалық қартаюмен күресуге ықпал етеді. Ең маңыздысы, бүкіл тәжірибе барысында ешқандай ауыр жанама әсер байқалмаған.

Ғалымдар мұны «генетикалық түрлендірілген жасушалардың приматтарда қартаюды шын мәнінде баяулата алатынын дәлелдеген алғашқы зерттеу» деп отыр. Енді алдағы міндет - осы тәсілдің адамдарға қаншалықты қауіпсіз әрі тиімді болатынын анықтау.
16 қыркүйек 2025 ж. 305 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 20

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 19

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 20

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031