Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Самокат тепкендерге тротуармен жүруге тыйым салу ұсынылды

Самокат тепкендерге тротуармен жүруге тыйым салу ұсынылды

Сурет: iStock
Қазақстанда электросамокаттарды пайдалануға бақылауды қатаңдату туралы тиісті ұсыныстар берілді.
2025 жылдың басынан бері елімізде электросамокат тізгіндегендер 29 мыңға жуық рет жол қозғалысы ережесін бұзса, 8 мың электросамокат айып тұрағына қойылған. Бұл туралы үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп хабарлайды
KYN.KZ ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха былтыр электросамокаттарды пайдалануға бақылауды қатаңдату туралы тиісті ұсыныстар берілгенін, бірақ олардың бірқатары қолдау таппағанын айтты.
Депутаттар қарап жатқан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шеңберінде электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салукикшеринг қызметіне міндеттеме жүктеу қарастырылған, ал әкімдіктерге оларды пайдалану ережелерін қабылдау құқығын беру ұсынылып отыр.
Ал премьер-министр Олжас Бектенов мопедтер мен самокаттарды пайдалану барысына бақылауды күшейту қажет екенін айтты.
"Жолдауда мемлекет басшысының осы өзекті мәселеге назар аударуы кездейсоқ емес.
Әлемдік тәжірибе бірқатар елде мұндай көлік құралдарынан толық бас тарту немесе оған шектеу қою шаралары қолданылғанын көрсетіп отыр.
Мәселен Парижде 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап самокаттарды жалға алуға тыйым салынды. Тек өз құралыңды пайдалануға рұқсат. Өткен жылдың қазан айынан бастап Мадридте де дәл осындай шектеу шаралары күшіне енді. Ұлыбританияда әрбір электросамокатқа мемлекеттік нөмір беріліп, оны тек жүргізуші куәлігімен ғана басқаруға болады.
Ішкі істер министрлігіне заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді жылдамдатуды тапсырамын", - деді Олжас Бектенов.
16 қыркүйек 2025 ж. 49 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 27

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 22

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 25

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930