Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл шаруаларға екі есе көп несие берілді

Биыл шаруаларға екі есе көп несие берілді

Мемлекеттік бюджеттен ауыл шаруашылығы саласына бөлінген қаржы 28%-ға қысқарды.  Биылғы жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджеттің ауыл, су, орман және балық шаруашылығына, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, қоршаған ортаны қорғауға және жануарлар дүниесін дамытуға жұмсалған шығыстары 11,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 27,8%-ға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ал былтырғы қаңтар-желтоқсанда сала бойынша мемлекеттік бюджет шығыстары 7,4%-ға өсіп, 717,9 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының жалпы көлемінде агроөнеркәсіптік кешеннің үлесі 3,8%-4,6% аралығында ауытқиды. Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттің азық-түлік тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.  Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері ауыл шаруашылығы саласына 37,1 млрд теңгеге несие берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп. Жалпы, 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сектордағы несиелер көлемі 65,1%-ға өсіп, 279,3 млрд теңгені құрады.

15 сәуір 2022 ж. 656 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 121

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031