Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруханаларда қызмет көрсету құны қымбаттады

Ауруханаларда қызмет көрсету құны қымбаттады

Перзентханаларда да бұл көрсеткіш артты. Биылғы жылдың қазан айының соңында аурухана қызметтерінің бағасы айлық динамика бойынша 0,3%-ға, жылдық динамика бойынша 10,1%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Баға әсіресе Алматыда (20%-ға) айтарлықтай артқан. Қымбатшылықты Түркістан (18,1%) және Павлодар (15,6%) облыстарының тұрғындары сезінді. Бағаның ең аз өсуі Ақтөбе облысында (жылына 0,8%-ға) тіркелді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында аурухана қызметтері 618,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 60,3%-ға артық. Салыстырмалы түрде алсақ, 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қызмет көрсету көлемі жылына 12,9%-ды құрап, 385,9 млрд теңгені құрады.
Қызметтердің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 547,8 млрд теңге (+56,7%). Халықтың қаражаты есебінен қызмет көрсету 66,7%-ға, 38,7 млрд теңгеге, кәсіпорындар есебінен 2,4 есеге, 32,2 млрд теңгеге өсті. Өңірлік тұрғыда сектордағы қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі: 99,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 67,2%-ға артық. Үздік үштікке сондай-ақ Нұр-Сұлтан (79 млрд теңге, + 79,2%) және Түркістан облысы (56,3 млрд теңге, +74,9%) кірді. Қызмет көрсетудің ең аз көлемі Атырау облысында тіркелді: бар болғаны 11,7 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 33,4%-ға артық.
Жыл басынан бері ауруханалардың хирургиялық бөлімшелерінің қызметі 107,2 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 33,9%-ға қымбаттады. Ауруханалар мен перзентханалардың гинекологиялық бөлімшелерінің қызметі – 55,5 млрд теңгені, оңалту орталықтарының қызметі – 27,2 млрд теңгені, психиатриялық стационарлардың қызметі – 19,9 млрд теңгені құрады.



18 қараша 2021 ж. 637 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930