Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақылды үй

Ақылды үй

Қазалы аграрлы-техникалық колледж студенттері «Ақылды үй» құрастырды. Техникалық шығармашылық жетекшісі Нұрсұлтан Ахметжан мен «Есептеу техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету» мамандығында оқитын Нұрмұхаммед Романқұловтың қолынан шыққан дүниенің мақсаты – ақылды үй технологиясы жүйесін орнату арқылы үй иелеріне ыңғайлылықты қамтамасыз ету.
Ақылды үйдің көмегімен үй иелері тұрмыстық техниканы, термостаттарды, жарықтандыруды әртүрлі құрылғылармен басқармай, бір құрылғы – смартфон немесе планшет арқылы басқара алады. Қазіргі таңда үйді автоматтандыру өте ыңғайлы және икемді болып жасалған. Пайдаланушы қажеттіліктеріне сәйкес баптауларды өз бетінше түзей алады. Әрине бұны жүзеге асыру үшін ақылды үй иесі, құрылғылардың қайда орналасқанын, қандай міндеттер атқаратынын және оларды қалай орындауға болатынын білуі тиіс.
– Бұл жоба инновация мен техниканың дамуына негізделген. Қазақстандағы техникалық білім жылдан жылға өсуде. Техникаға қызығушылығым кішкентай кезден басталды. Ғаламтордан ақпараттар қарап жүрдім.
Өзімнің техника ішінде роботтардың жасалуы қатты ынталандырды. Болашақта электроника саласында жұмыс істегім келеді. Жобада бүгінгі таңда дамып келе жатқан ақылды үйді жасадым. Үйді автоматтандыру немесе ақылды үй адамның қатысуынсыз белгілі бір күнделікті міндеттерді орындауға және шешуге қабілетті үй құрылғыларының жүйесі. Қазіргі жағдайда үйді автоматтандыру – бұл өте икемді жүйе, оны пайдаланушы өз қажеттіліктеріне қарай құрастырады және конфигурациялайды. Ақылды үйдің әр иесі қай құрылғыны қайда орнатуға болатындығын және қандай тапсырмаларды орындайтындығын анықтайды. Бұл жобаммен электроника саласына алғашқы қадамымды жасағым келеді. Жұмыстың тек электроникамен ғана емес, ақпараттық технология саласына да қатысы бар. Мұнда Arduino Uno микроконтроллер платформасы әлемнің басты назарында тұрған жүйе. Соңғы уақытта ақылды тұрғын үй жүйелері кеңінен таралды. Олар өмірді айтарлықтай жеңілдетеді және оны адамға ыңғайлы етеді, – дейді техникалық шығармашылық жетекшісі Нұрсұлтан Ахметжан.
Оның айтуынша, жобада көптеген сенсорлар мен микроконтроллер пайдаланылған. Ең алдымен, үйдің макеті жасалып, күн батареясы орнатылған. Сенсорлар көмегімен үйдің ішіндегі ақпараттар алынған. Ол үшін Arduino UNO платформасы, дыбыс шығаратын құрылғы, Реле, температура датчигі, жарық шығаратын диодтар, желдеткіш, су датчигі қолданылған.
– Бұл компоненттер атқаратын қызметтері мен сипаттамаларына байланысты таңдап алынды. Осы компоненттерді алғаннан кейін, олардың қосылу сұлбаларын жасап шықтым. Ақылды үйдің әр функциясының схемасы мен бағдарламасын жеке-жеке жасадым. Соңында барлық бағдарламаны қостым. Бағдарлама Arduino UNO платформасына жазылды, – дейді жас маман.
Жоба нәтижесінде ақылды үй арқылы сырттағы бау-бақша автоматты суарылады және қараңғы түскен жағдайда, даланың жарықтары автоматты жанады. Бұл функциялардың бәрі Arduino UNO платформасы көмегімен жасалынған. Энергияны алу үшін күн сәулесінен қуаттанатын батарея жасағанын айтады шебер. Қысқаша айтқанда, ақылды үйдің функцияларына кететін энергия күннен алынады.
– Алдағы уақытта жобамды одан әрі дамытқым келеді. Ендігі мақсатым, ақылды үйді смартфон көмегімен басқару, – дейді Нұрсұлтан Орынбайұлы

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 сәуір 2022 ж. 1 171 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031