Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үш партия тіркеуге құжат тапсырды - әділет министрі

Үш партия тіркеуге құжат тапсырды - әділет министрі

Министрдің айтуынша, партияны ұйымдастыру тобына кіретін әрбір адамның жеке мәліметтері де көрсетіледі. Әділет министрі Қанат Мусин тіркеуге құжат тапсырған партиялар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Үш партия тіркеуге құжат тапсырған. El Tiregi, Байтақ, сосын тағы біреуі. Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған", - деді Мусин журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, партияны ұйымдастыру тобына кіретін әрбір адамның жеке мәліметтері де көрсетіледі. Бірақ құжат тапсырған партиялардың ішінде мәліметті дұрыс көрсетпегендер бар.
"Кейбір адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмейді. Сосын ұйымдастыру тобының тізіміне қайтыс болып кеткен адамдарды кіргізіп жіберген. Басқа партиялардың мүшелері де бар. Заң бойынша оларды алдымен шығару қажет. Егер олар барлық құжатты дұрыстап тапсырса, тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ", - деп атап көрсетті Мусин.
Осы орайда министр партияны тіркеу талаптарының әлі өзгермегенін ерекше атап өтті.
Атап айтқанда, ұйымдастыру тобының құрамы бір мың адам болуы керек. Ал партия мүшелерінің саны 20 мыңнан кем түспеуі шарт.
Президент осы межені айтарлықтай төмендетуді тапсырды.
07 сәуір 2022 ж. 235 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 56

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930