Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізуші куәлігін алу қиындай түседі

Жүргізуші куәлігін алу қиындай түседі

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталықта жүргізуші куәлігін емтихансыз беру фактілерін өз көзімен көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«24-і күні соңғы рет Нұр-Сұлтан қаласының халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталығында болдым. Шынымды айтсам, жұмысына көңілім толмады. Себебі кейбір фактілер анықталды. Оны жемқорлыққа жатқызып отырмын. Өйткені адамдарға теориялық және практикалық емтихансыз жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндік жасалды. Иә, ондай жағдайлар аз шығар. Бірақ біз шын мәнінде қанша рет болғанын білмейміз ғой», – деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министр жүргізуші куәлігін алу процедурасынан өзі де өткен. Сол кезде емтихансыз құжатты қалай алуға болатынын көріпті. 
«Қазіргі кезде біз тиісті шараларды қолға алып жатырмыз. Тосқауыл қойылды. Мәселен кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы халыққа қызмет көрсететін мамандандырылған орталықта үш адам ғана жүргізуші куәлігін алды. Бұл дегеніміз, бақылау күшейтілді. Қосымша адамдарды қойдық. Олар емтиханға кіретін адамдарды тексеріп отырады», – деп атап өтті Мусин.
              kyzylorda-news.kz
29 қазан 2021 ж. 633 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031