Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасанды интеллект игілігі

Жасанды интеллект игілігі

Әрдайым заманауи көштен қалмай, жаңашылдыққа құмар Қазалы теміржол ауруханасы науқастарды жедел емдеу мақсатында тағы таңқалдырып отыр. Жақында медицина саласының саңлақтары аудандардың ішінде алғашқы болып “Cerebra” жүйесін енгізді. Осылайша “Цифрлы бағдарлама” жаңалықтарын тәжірибе жүзінде жүзеге асыруда.
– “CEREBRA” ишемиялық және геморрагиялық инсультті автомат­тандырылған диагностикалау үшін нейрорадиология саласындағы жасанды интеллект болып табылады. Инсульт – ми қан айналымының жедел бұзылуы, ми нейрондарының зақымдалуына және жойылуына әкеледі. Қан тамырлары тромбпен бітелген кезде ишемиялық инсульт пайда болады, ал тамыр жарылған кезде – геморрагиялық. Ишемиялық инсульт геморрагияға қарағанда жағдай­лардың 80%-тен астамы жиі кездеседі. “CEREBRA” платформасына енгізілген жасанды интеллект инсультты 10 минут ішінде тани алады. Сонымен қатар инсульт ядросындағы тіндердің тығыздығының өзгеруін мидың қалған зақымдалмаған паренхимасымен салыстыра отырып есептей алады. Бұл ретте бір айдай болды жақсы нәтижесін көрудеміз. Науқастың клиникалық анамнезімен бірге салыстырмалы қарап, жұмыс істеудеміз.
Уақыт өткен сайын жасанды интеллект (AI) дамуы артты. Ядролық энергияны бейбіт және деструктивті мақсаттар үшін пайдалану, мұнай өндірудегі энергетикалық мәселелерді шешу және жаңа материалдарды синтездеу үшін шикізат алу – адамзаттың өмірін өзгерткен өнертабыс саналады. Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе.
Қазақстанда 73 нейроинсульт болса, соның отызына “CEREBRA” жабдығы орнатылған. Бұны радиологтар мен AI мамандары дайындап шығарған. “Cerebra” жобасын “Almaty A.I. Lab” компаниясы ойлап тапқан. Бұл компания 2018 жылдан бері жасанды интелект технологияларын құрастырумен айналысып келеді, – дейді теміржол ауруханасының “Радиология” бөлімі меңгерушісі Шынболат Шалғынұлы.
Оның айтуынша, жобаның игілігі дәрігерлер үшін маңызы зор. Себебі жыл сайын жаңадан пайда болған түрлі ауруды дер кезінде анықтап, оны толықтай емдеуге мүмкіндік туғызады. Уақыт талабына сай жаңа дүниені іске асыратын теміржол ауруханасының төрағасы Құбыл Ршымбетұлының еңбегі зор. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән беріп, олардың оқу барысындағы жаңа идеяларын жүзеге асыруға сүбелі үлес қосып келеді. Осы жобаны ауруханаға енгізуді ұсынған бас невролог Нұрдәулет Балдақов болатын.
– Алматыда конференцияға нейрохирург Кенесары Баспаев екеуміз қатыстық. Конференция тақырыбы “Хирургия инсульта” болған еді. Елге белгілі нейрорадиолог Меруерт Сайфуллақызы “Жасанды интеллект “Серебра” жөнінде баяндады. Игі жоба Қазақстанда ойлап табылып ресми түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітті. Конференциядан келген соң Кенесары Баспаевпен бірге жасанды интеллектті таныстырып, әрі қарай сол жақтың инженер мамандарымен бірлесе орнаттық, – дейді Нұрдәулет Серікұлы.
“CEREBRA” мақсаты – ишемиялық инсульттің күмәнді белгілерін тез арада анықтап, шұғыл түрде көмек көрсетуде таптырмас жоба. Сондай-ақ бас миына қан құйылуы кезінде қанның мөлшерін анықтауға, бас-ми жарақатын алған науқастарға, невролог және нейрохирург дәрігерлерге де емдеу әдістерін таңдауда уақытылы шешім қабылдауға көмектеседі.
Маңызды жоба уақытты үнемдеуге таптырмас мүмкіндік екенін ұқтық. Сонымен қатар ишемиялық инсультпен статистика бойынша көбіне түнгі және таңғы уақыттары түсетін көрінеді. Мұндайда дәрігер үйде жүріп-ақ телефон арқылы кеңес бере алады. Өйткені теміржол ауруханасындағы ақхалаттылардың барлы­ғы дерлік 24 сағат бойына ұялы телефонмен байланыста болады. Бұл бағдарлама нейроинсульт орталығына қатысты барлық мамандардың жеке смартфон телефондарына орнатылған. Мәселен, нейрохирург, невролог, радиолог, реаниматологтарға жүктелген.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

29 наурыз 2022 ж. 506 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 68

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930