Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия жасанды интеллектке басымдық береді

Түркия жасанды интеллектке басымдық береді

Түркия жасанды интеллект­ке (AI) негізделген технологияларды әзірлеу үшін деректерді, инфра­құ­рылымды жұмылдырмақ.
Жаңа қабылданған Ұлттық жасанды интеллект стратегиясы Түркияда адам капиталын, зерттеулерді, әлеуметтік-экономикалық бейімделуді, инфрақұрылымды, халықаралық ынтымақтастықты және деректер сапасын қамтитын алты басымдықты қамтыған.
Цифрлы трансформация кеңсесінің басшысы Али Таха Кочтың айтуынша, бұл стратегия елдің ішкі жалпы өнімдегі жасанды интеллект үлесін 5 пайызға дейін арттыруға септеспек. Сондай-ақ осы салада 50 000 жұмыс орны құрылады.
Бұл салаға қазіргі таңда шамамен 50 миллиард доллар жұмсалады. Алдағы бес жылда қаржы­ландыру екі есеге ұлғаяды. Кочтың сөзіне сүйенсек, жасанды интеллект экожүйесін құру үшін оны білетін, алгоритмдерді, мәселелерді шешуге және өңдеу қуатын дайындай алатын жұмыс күші қажет.
«Біз алты басымдық бойынша 119 қадамды анықтадық. Біріншісі – жоғары оқу орындарында бакалавриат пен аспирантура бағдарламаларын құру арқылы сарапшыларды көбейту», деді ол.
30 тамыз 2021 ж. 832 0

Өнермен өрілген апта

10 ақпан 2026 ж. 28

"Жеке қабылдау" өтеді

09 ақпан 2026 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728