Елімізде алғаш рет адам миына зерттеу жасау қолға алынды
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының базасында Қазақстанда алғаш рет пилоттық жоба ретінде адамның бас миының КТ перфузиясын зерттеу қолға алынды.
Бұл туралы Алматы қаласы №7ҚКА баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жоба мидың қан ағымындағы ең кішкентай тамырлар (капиллярлар) деңгейінде бағалауға мүмкіндік беретін сәулелік диагностиканың заманауи әдісі, ол ағза немесе тін көлемінің әрбір элементін қоректендіретін қан қозғалысын бақылай алады.
Аталған зерттеу ми қан айналымының жіті бұзылулары, созылмалы ишемиясы бар пациенттерге жүргізіледі.
Нейровизуализацияның бұл әдісінің негізі мидың тамырлары мен жасушалары арқылы сұйықтықтың (контрастты заттың) өтуін бағалайды.
Перфузиялық компьютерлік томографияны (ПКТ) пайдаланған кезде алынған деректер математикалық талдауға ұшырайды: таңдалған кесіндінің әрбір пикселіндегі тіннің тығыздығын дәйекті түрде өлшеу орындалады.
Қазіргі уақытта, медицинасы дамыған шет елдерде перфузиялық КТ церебральды қан ағымын өлшеудің кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі ретінде клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылады. №7 Қалалық клиникалық аурухана базасында жуырда Ресей Федерациясы мен Қазақстанның 10-нан астам өңірінен келген радиологтар мен сәулелік диагностика зертханашылары үшін шеберлік сағаты өткізілді.
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Галина Батталова атап өткендей, КТ перфузия – өте қымбат зерттеу, ол инсультпен ауыратын науқастарға көрсетілімдер бойынша тегін негізде жүргізіледі. №7 Қалалық клиникалық аурухана осы нейрорадиологиялық зерттеуді жүргізуді қамтамасыз ететін заманауи КТ сканерлерімен жабдықталған. Мұндай жабдық барлық медициналық ұйымда жоқ.

КТ перфузиялық зерттеу әдісін қолдана отырып, инсульттің бастапқы кезеңдерінде сенімді диагноз қоюға болады екен.Алынған деректер негізінде мамандандырылған бағдарламалық өңдеу пакеттерін пайдалана отырып, деректердің визуалды талдауын алу үшін КT перфузиялық карталар жасалады. ПКТ- бір зерттеу аясында анатомиялық және физиологиялық ақпаратты біріктіруге мүмкіндік береді: мидың анатомиялық құрылымы қалыпты және патологиялық, сонымен қатар функционалдық ерекшеліктерді бағалау,-делінген хабарламада.
КТ перфузиясы инфаркт өзегін – ауыр мүгедектікке әкелетін қайтымсыз тін некрозының аймағын, жарты қабаттан – инфаркт өзегін қоршап тұрған, ишемиялық, қызметі бұзылған, бірақ әлі де өміршеңдігін сақтайтын ұлпаны бөлуге мүмкіндік береді. Нейрохирургтар кейіннен хирургиялық араласу процесінде осы тіндік учаскені құтқару үшін күреседі. Бұл ағзалардың функцияларын сақтайды және науқастың мүгедектікке жол бермеу мүмкіндігін едәуір арттырады.КТ перфузиялық зерттеудің сезімталдығы өте жоғары. Аурудың белгілері басталғаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде мидың зардап шеккен аумағында қан ағымының төмендеуі айқын анықталады. Бұл өте маңызды, өйткені перфузиясыз дәрігерлер терапияны 3 - тен 4,5 сағатқа дейін «терапевтік терезе» аясында ишемияланған мидың өміршеңдігі бірнеше сағатқа шектелген кезде жүргізіледі (өкінішке орай, пациенттер ауруханаға әрдайым дер кезінде жеткізіле бермейді),-делінген хабаралмада.
Е.К.Дюсембековтің айтуынша, клиникалық тәжірибеде КТ перфузия клиникалық симптомдар пайда болғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда пациентте ишемиялық инсультті диагностикалауға ғана емес, сонымен қатар ми заты мен өміршең тіндердің қайтымсыз өзгерістерінің арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Осыған сүйене отырып, «терапевтік терезе» шеңберімен шектелмей, жүйелі терапия жүргізу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.Перфузиялық КТ-ның ми тамырларындағы қан ағымының жылдамдығын, көлемдік және уақытша көрсеткіштерін өлшеу және есептеу мүмкіндігі адекватты терапияны таңдауда және науқастың емдеу процесінің динамикасын бақылауда маңызды рөл атқарады. КТ перфузиясы біздің нейрохирургтерге хирургиялық емдеу тактикасын жоспарлауға көмектесе алады, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштердің критерийі, сондай-ақ операциядан кейінгі асқынулардың болжаушысы бола алады, - дейді Алматы қаласы №7 Қалалық клиникалық аурухананың №4 нейроонкология бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы қаласы Нейрохирургия орталығының жетекшісі, профессор Ермек Дюсембеков.
Қазіргі уақытта, медицинасы дамыған шет елдерде перфузиялық КТ церебральды қан ағымын өлшеудің кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі ретінде клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылады. №7 Қалалық клиникалық аурухана базасында жуырда Ресей Федерациясы мен Қазақстанның 10-нан астам өңірінен келген радиологтар мен сәулелік диагностика зертханашылары үшін шеберлік сағаты өткізілді.
Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасының сәулелік диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Галина Батталова атап өткендей, КТ перфузия – өте қымбат зерттеу, ол инсультпен ауыратын науқастарға көрсетілімдер бойынша тегін негізде жүргізіледі. №7 Қалалық клиникалық аурухана осы нейрорадиологиялық зерттеуді жүргізуді қамтамасыз ететін заманауи КТ сканерлерімен жабдықталған. Мұндай жабдық барлық медициналық ұйымда жоқ.
Мидың қан айналымының жіті бұзылуын диагностикалаудың жылдамдығы, дәлдігі, әсіресе дүние жүзінде өлімнің негізгі себептерінің бірі МҚАЖБ екенін ескерсек, бұл өте өзекті. Енгізілетін жобаның негізгі мақсаты - ми тіндерінің қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған емдік манипуляция жүргізу үшін қажетті терапиялық терезені кеңейту.Болашақта – барлық заманауи талапқа жауап беретін стандартталған және оңтайландырылған сканерлеу хаттамалары жасалады, оларды дәрігерлер стационарларда қолданады және клиникалық тәжірибеге енгізіледі деген ойдамыз. КТ перфузиясы церебральды қан ағымын бағалаудың басқа әдістеріне қарағанда бірқатар даусыз артықшылықтарға ие. Ең негізгілері - инсульт диагностикасының кең қолжетімділігі, жылдамдығы мен дәлдігі, әісресе, аурудың бастапқы кезеңдерінде, - деді Г.А.Батталова.