Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дертке дауа дарытқан асыл жандар

Дертке дауа дарытқан асыл жандар

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. Өз істерінің нағыз шебері бола білген ақ халатты жандар талай адамның жүрегіне үміт отын жағып, өмір гүлін сыйлап келеді. Олар күнделікті қабаттаса келіп жатқан науқастарға ем-шаралар көрсетуден бөлек, аурухананың өзге де күйкі тірлігіне қарамастан әрқашан жайдары мінез танытып жүруден жалыққан емес. «Гиппократ» антын қабылдап, сабырлылық пен салмақтылықты серік еткен ақ халатты абзал жандар қандай құрметке де лайық. Бұл қатарда Құбыл Ршымбетов басқаратын «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-нің нейроинсульт орталығының дәрігерлері де бар.
Әңгімені әріден қозғап, бөлімнің тарихына тоқталсақ, 2011-2015 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 09.06.2011 жылы шыққан №809 бұйрығы жария етіледі. Онда жедел бас ми қан айналысының бұзылысы бар науқастар үшін неврологиялық бөлімнің қызметін ұйымдастыру бойынша нұсқауға сәйкес тәулік бойы жұмыс жасайтын мүмкіндігі бар және «терапиялық терезе» уақытына географиялық қол жетімді 210 000 халыққа 20 төсек орынды нейроинсульт орталығын ашу ұсынылады.
Осылайша облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы №178 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 15 ақпанында 20 төсек орынды нейроинсульт орталығы пайдалануға беріліп, емделушілерді қабылдай бастайды. Оның 10 төсегі инсульт алғандарға арналған. Яғни бұған аудан тұрғындарынан бөлек, Арал мен Қармақшы халқы да кіреді. Міне, осы уақыттан бері мұндағы білікті мамандар жоғары сапалы қызмет етіп, алғыс арқалап келеді.
Олардың негізгі мақсаты – бөлімшеге келген науқастарға жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсету. Яғни диагнозын анықтап, стандарттарға сәйкес жоғары сапалы ем жасау. Сондай-ақ мұндағы дәрігерлер мен медбикелер әрдайым білім дәрежелерін шыңдап, деонтологияны сақтай отырып, халыққа арнайы көмек көрсетуді санадан сылаған емес.
Айтпақшы, мұнда тәулік бойы КТ диагностика тексеру және лабороториялық қызмет жұмыс жасайды. Ол аз десеңіз, экстракраниальды тамырларды дуплексті сканерлеу де осында. Бөлімнің меңгерушісі, 1 санаттағы невролог дәрігер Талғат Жиенқұловтың айтуынша, мамандар тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту негізінде белгіленген көрсеткіш бойынша біршама табысқа қол жеткізіп келеді.
– Жалпы бөлімде 4 невролог, 1 ребалитолог, 5 реаниматолог, 2 нейрореаниматолог, 1 нейрохирург, 1 кардиолог, 1 окулист, 1 функциональды диагностика дәрігері және логопед пен психолог қызмет етеді. Сондай-ақ тәулік бойы кезекшілікпен қамтамасыз етілген реанимациялық бөлімше жұмыс жасайды. Науқасқа 20-30 минут көлемінде бүкіл тексеру жүргізіліп, мамандармен кеңес алынып, нақты диагноз қойылып трамболизистік немесе оперативті ем жүргізіледі. Неврология бөлімінде бел мен бас ауруы мазалаған сырқаттанушыларға қарамағымдағы қызметкерлермен бірлесе жүйелі ем жүргіземіз. Биылғы жылдың қыркүйек айындағы қорытындымен бөлімнен 289 науқас емделіп шықты. Оның ішінде геморрагиялық инсульттен 49 адам, ишемиялық инсульттан 93 науқас айықты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда жақсы көрсеткіш, – дейді білікті маман.
Антына адал ақ халаттылардың ең бірінші қабылдау бөліміне науқасты қабылдағаннан кейін науқастың маңызды тіршілік қызметтері, жалпы жағдайы, Глазго комасы шкаласы бойынша санасының деңгейін, неврологиялық статусын, лабораториялық және инструментальды тексеру жүргізуді ұйымдастырады.
Нақтысында, жанына ем іздеген жанның санасының, тыныс, жүрек-тамыр қызметінің бұзылысы және жүрек тоқтауы бар жоғын ескере отырып, ЭКГ, кубитальды катерер қою мен гематологиялық тексеруге өтеді. Сонымен қатар тромбоцит, гематокрит, АЧТВ, ПВ-МНО, фиброноген, қансырау уақытын анықтау, гемоглобин, лейкоцит және қандағы қант анықталады.
Тағы бір айта кетерілігі, геморрагиялық инсульт болған науқас нейрохирургпен қаралғаннан кейін егерде жедел гидроцейфалия, хирургиялық ауқымды бас ми ішілік гематома анықталса жедел түрде нейрохирургиялық ота жасалады. Ал қалған геморрагиялық инсульттар реанимация бөліміне жеткізіліп, гемодинамикалық көрсеткіштері бас ми ісінуі мен шемені басылған кезде бөлімнің интенсивті терапия палатасына жатқызылады. Егер барлық жалпы милық және ошақтық неврололгиялық белгілер басылғаннан кейін науқас жағдайын қалпына келтіру мақсатында ішкі лимит арқылы нейрореабилитация бөліміне ауыстырылады екен.
Бүгінде дәрігер мамандығын екінің бірінің таңдауға батылы бара бермейді. Себебі білікті дәрігер болу үшін тек жоғары оқу орнын бітіру аздық етеді. Сезімталдық, үлкен жауапкершілік, ұқыптылық әрі күн сайын жаңа нәрсені білуге, үйренуге асық болу арқылы бұл мамандықты меңгеріп, шыңына шығуға мүмкіндік бар. Сол секілді біз көрсетіп отырған ұжымдағылар асқан сезімталдықпен науқас жанын ұғынып, қалтқысыз қызмет етеді.

А.БАҚЫТҰЛЫ
14 желтоқсан 2021 ж. 374 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 72

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930