Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жолдауы халқымызға рухани медеу

Президент жолдауы халқымызға рухани медеу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше қазақстандықтарға жасаған кезекті жолдауында халықты Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырды. «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» деп аталатын жолдауда нақты жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.

Мемлекет Басшысы мәжіліс пен мәслихат депутаттарының құзыреттілігін күшейтуді, елімізде Конституциялық сот құруды және қоғамдық түрлі санаттағы өкілдерден тұратын "Ұлттық құрылтай" құруды ұсынып, Конституцияға 30-ға жуық өзгеріс енгізу қажеттігін айтты. Қазақстанда жаңа үш облыс құрылады. Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында – Абай облысы, Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде – Ұлытау, Алматы облысы аумағында Жетісу облысы құрылатын болады. «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі! Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі бәрінен қымбат» - деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.
Жолдаудағы нақты міндеттерді орындап, жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңаша реформаға атсалысу біздің де міндетіміз.
Төребек ИГІЛІКОВ,
Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT»
партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
17 наурыз 2022 ж. 759 0

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 47

АЛҚАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДӘН

17 мамыр 2025 ж. 72

Ел қорғаны боламын

17 мамыр 2025 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031