Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұмыт болған ұлт дәстүрі

Ұмыт болған ұлт дәстүрі

Қазақ халқы ертеден батырлығы, даналығы мен ғана емес салт-дәстүрі, ырым-тыйымыменде жақсы танылған. Оның ішінде ұмытылғаны және қайта жаңғырғаны қаншама.

Нәзір
Нәзір – маңызды, күрделі іс бастар алдында, «Көп ауызы дуалы» демекші көрші-көлем, ағайын-туысты қонақ етіп, бата-тілегін алу. Тәңірінен бастағалы жатқан ісінің оңдауын тілеу.

Ақсарбас атау
Қауіп-қатерге ұшырағанында «Уа, Құдайым оңдасын! қиын­дықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайды атайтын болған. Мұндай кезде «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Қауіп-қатерден аман қалғанында ауыл аймағын шақырып құдайы асын берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: қой, жылқы, сиыр. Адам ақсарбас атағанда қай малды атаса, соны союға тиіс болған.

Асату
Дастарқан басында ас ішіп отырғандар тоя бастағанда, төрде отырған ақсақал етті қолымен алып, жастарға асатады. Бұрындары ауыл балалары той болған үйдің айналасында асату жейміз деп ойнайтын.

Босаға майлау
Жас буын шаңырақ көтергенде немесе біреу жаңа үй алғанда ағайын-туыстары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағатын. Үй берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деп ниеттенген. Босаға майлаған адамға үй иелері кәде берген.
Енші беру
Ата-анасы немере сүйгеннен кейін «енді өз күндерін өздері сүре алады» деген сеніммен, үй алып, бөлек шығарады. Сонда мал-мүлкін бөліп береді, ыдыс-аяқ сыйлайды. Оған келіннің төркінінен келген дүниесі де қосылады. Мұны – енші беру деп атайды. Ата-анасы өмірден өтсе, малы мен мүлкі қалған ағасы, інісіне енші беруге тиісті болады.

Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА

15 наурыз 2022 ж. 823 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 164

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930