Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бөлекше жаратылыс иелері

Бөлекше жаратылыс иелері

Қазақтың сөз қоржынында «Артында қызы қалғанның – ісі қалғаны, ұлы қалғанның – өзі қалғаны» деген тәмсіл бар. Бұл даналық сөзден адам өмірінде қыз бен ұлдың айрықша орын алатынын аңғарамыз.  Бір ауыз сөзден-ақ бала сүйіп, ұрпақ өрбітудің ғанибет екенін ұғынамыз.
Дүниеге сәби келіп, шаңырақты шаттыққа бөлесе қуаныш емес пе? Ал бір мезетте екі немесе үш баланы дүниеге әкеліп, өрісі кеңейген отбасының сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар. Себебі, егіз бен үшемдер – кез келген жанға бұйыра бермейтін ерекше жаратылыс иесі.
Әр баланың өз несібесі мен ырзығы барын түсінген қазақ елі егіздерді өмірге әкелуде 48-інші орында. Көш басында Нигерия елі тұр. Онда әрбір 22-адамға бір егізден келеді екен. Ал Қазалы ауданында жылына 1200-дей сәби дүние есігін ашатын болса, оның 5-6-сы егіз болады. Осы тақырып қаузалғанда Кеңес одағының батыры Үрмәш Түктібаев атымен аталатын ауылдың тұрғындары еске түседі. Қазалылық жұрт бұл елдімекенді «Егіздер ауылы» атап кеткен. Округтің ерекшелігі де осында.
Сандарды сөйлетсек, таңқаларыңыз анық. Мүмкін барлығы сол жердің топырағы киелі не ауасы саф болғандықтан шығар, ауылда 1973 жылы туған Асқар мен Гаухар Орынбаевтардан бастап осы кезге дейін 26 егіз дүниеге келген болса, оған өткен жылдағы үшемді қосыңыз. Біздің айтпағымыз, егіздердің несімен ерекшеленетінінде болып отыр.
Тарих тереңіне үңілсек, аңыздар мен көркем әдебиеттерде, жалпы әр дәуірлерде әр ұлттың санасында егіздер беймәлім дүниенің жаршысы саналады. Әлемдегі сирек кездесетін таңғажайып құбылыс талай адам санасын қызықтырып, аңыз ертегілерге арқау болған. Оларда егіздерді болашақты болжайтын, табиғи және адам өмірінде болатын оқиғаларға әсер ете алатын керемет күш иесі ретінде де қабылдаған. Аңыздар желісіне көз салсақ, адамдар егіздерден қорыққанын да аңғаруға болады. Көбіне екеуінің бірін жақсылық, бірін жамандықтың белгісіне балаған. Ол кездері бір ер адамның екі баланы бірден ұрықтандыруы санаға қонымсыз, сиқырлы әрі табиғи емес құбылысқа тән делінген ежелгі адамдарда. Егер ана жұп балаларды дүниеге әкелген болса, онда бұл іске құдайлар мен әзәзілдер, жын-перілер мен хайуанаттардың атсалысқандығы деген түсінік болған.
Әлімсақтан бергі егіздер жайындағы мифтердің ғылыми тұрғыдан еш сиқыры мен тылсымдығы болмағанын бүгінде біз білеміз. Алайда ХХІ ғасыр адамдарын көне дәуірлік сенімдер мен нанымдар қатты таңғалдыра қоймас. Дегенмен, заманауи заманның егіздері жайында өз айтары бар. Егіздердің мінездері екі түрлі болады. Олар өсу барысында бір-біріне әсер етуі мүмкін. Бірақ олардың мінездері, темпераменті, әдеттері бір-біріне емес, ата-аналарына ұқсайды деп айту жөн болар. Оларды жан-жақтағылар әрдайым бір-бірімен салыстыруды еш тоқтатпақ емес. Осылайша айналадағылар жаман мен жақсыны айырғысы келеді. Ендігі бір әпсана, егіздер айнымастай ұқсас әрі оларды ажырату мүмкін емес дейді. Олар еш уақытта бір-бірінен айнымастай ұқсас болып келмейді. Гендері мен хромосомаларының топтамасы бірдей болғанының өзінде біз ойлағандай біріне-бірі ұқсамайтын көрінеді. Қай жағынан қарасақ та бойы, салмағы, мінезі бәрі де 100 проценттік ұқсастық бермейді. Және жеке отбасын құрып, бақытты өмір сүріп жатқан мұндай жұптарды күнделікті өмірден көруге болады. «Ата тегіңде егіздер болған болса, міндетті түрде қайталанады» деген сөз ғылыми дәлелденген.
Ел арасында «сырт келбеті жағынан бір-бірінен ажырату қиын егіздерді екі жаққа бөлек етіп жіберіп, бақыласа, бірінің денсаулығы нашарлағанын екіншісі сезеді» деген ұғым бар. Бұл – ақиқат. Көптеген сыңарлардың өмірінде аталған жағдай кездескен. Бірақ оның қандай тылсым құбылыс екенін анықтап, сырын аша алған бір де бір ғалым да, дәрігер де жоқ. Туылғанынан бастап екі бөлек жерде өмір сүрген ондайлардың бойындағы түрлі қасиеттердің қашықтыққа немесе сол сияқты кедергілерге қарамастан, бірдей болатындығы байқалған.
Зерттеушілердің айтуынша, егіз туылған балалардың арасында өздеріне ғана түсінікті тіл пайда болады. Екеуі сол тілде сөйлеседі. Оны екі жастағы бірдей туғандардың әрекеттерінен байқайды. Егер отбасындағы бала жалғыз болса, онда оның тілін ешкім түсінбейді, онымен сөйлесетін құрдас бала болмағандықтан, оның өзіндік ерекше тілі жойылады екен.
Егіздердің дүниеге келуіне ендігі жерде ешкім таң қалмайды. Ғалымдардың мәлімдеуінше, некедегі бір жұптың 80 баланы дүниеге әкеліп, оның біреуінде ғана егіздер тууына себепкер бола алады екен. Яғни адамда егіз туудың жиілігі орташа есеппен алғанда 1 процент шамасында болады, олардың үштен бірі – бір жұмыртқалы егіздер. Ендеше, осындай бақыт қазақтың әрбір шаңырағына бұйырсын демекпіз.

НҰР БАҚЫТ

12 наурыз 2022 ж. 476 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031