Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Украина Президенті жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды

Украина Президенті жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды

Украинада жалпыға бірдей жұмылдыру науқаны жарияланды. Мобилизация 90 күн ішінде жүзеге асырылады. Владимир Зеленский жаппай жұмылдыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Экспресс К Украина президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарлықта былай делінген:
"Ресей Федерациясының Украинаға қарсы әскери агрессиясына байланысты және мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында, Украина Қарулы Күштерінің және басқа да әскери құралымдарының жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қолдау мақсатында, Украинаның ұлттық қауіпсіздік Кеңесі және қорғаныс органдарының ұсынысы негізінде қаулы етемін:

1.Жалпыға бірдей мобилизация жарияланып, өткізіледі;
2.Мобилизациялау Донецк пен Луганск республикаларынан басқа Украинаның барлық аймақтарында жүзеге асырылады;
3.Жұмылдыру жұмыстары қаулы күшіне енген күннен бастап 90 күн ішінде жүзеге асады;
4. Жұмылдыру бойынша әскерилер мен резервтегі әскери қызметкерлерді шақыру, автокөліктерді тарту және жұмылдыру жоспарында көрсетілген мөлшерге сәйкес Украина Қарулы Күштерінің, Украина Ұлттық гвардиясының, Украинаның Қауіпсіздік қызметінің, Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің, Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің, Украинаның Мемлекеттік байланыс мен ақпаратты қорғау мекемелерін және Украинаның басқа да әскери құралымдарының қажеттілігін қамтамасыз етеді;
5. Украина Қарулы Күштерiнiң Бас штабы әскери қызметке шақырылғандар мен резервтегі әскерилердің және мобилизация кезіндегі ұлттық экономикадағы көліктердің реті мен көлемiн айқындасын;
6. Украинаның Министрлер Кабинеті қаржыландыруды қамтамасыз етсін және өз өкілеттіктері шегінде жалпы жұмылдыруды жариялауға және өткізуге байланысты басқа да іс-шараларды жүзеге асырсын;

7. Украинаның Қауіпсіздік қызметі жалпы жұмылдыруды жүзеге асыру кезінде қарсы барлау шараларын қолға алсын;
8. Жергілікті атқарушы органдар аумақтық қабылдау және халықты әлеуметтік қолдау орталықтарымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен және барлық жекеменшік нысанындағы кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды, жеке кәсіпкерлерді тарта отырып, белгіленген тәртіпте:
1) әскери қызметке шақырылған азаматтардың уақтылы хабардар болуы және келуі, жинақтау пункттері мен әскери бөлімдерге техниканың келуі;
2) жұмылдыру бойынша әскерилер мен резервтегі әскери қызметкерлерді шақыру және оларды әскери бөлімдерге, Украина Қарулы Күштерінің, Украина Ұлттық гвардиясының, Украинаның Қауіпсіздік қызметінің, Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің, Мемлекеттік арнайы көлік қызметінің, Украинаның Мемлекеттік байланыс мен ақпаратты қорғау мекемелеріне және Украинаның басқа да әскери құралымдарына жеткізу;
3) жұмылдыру жоспарына сәйкес Украина Қарулы Күштеріне, Украина Ұлттық гвардиясына, Украинаның Қауіпсіздік қызметіне, Украинаның Мемлекеттік шекара қызметіне, Мемлекеттік арнайы көлік қызметіне, Украинаның Мемлекеттік байланыс мен ақпаратты қорғау мекемелеріне және Украинаның басқа да әскери құралымдарына уақытша ғимараттарды, құрылыстарды, жер учаскелерін, көлік және басқа да материалдық-техникалық құралдарды беру;
9. Облыстық мемлекеттік әкімшіліктердің басшылары облыстық, аудандық және қалалық медициналық комиссияларды құруды және олардың жұмысын қамтамасыз етсін".
25 ақпан 2022 ж. 545 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930