Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы беруден не себепті бас тартып жатыр?

Зейнетақы беруден не себепті бас тартып жатыр?

Өзін-өзі жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларында ресейлік төлқұжат алған Украина азаматтары әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақыларынан айырылуы мүмкін. Ол туралы Ардагерлер істері жөніндегі министр Ирина Фриз өзінің Facebook парақшасында хабарлады деп жазады.

«Украина тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар немесе зейнетақы алуға байланысты бенефициар мәртебесін беруден бас тарту үшін Ресей төлқұжаттарын алған азаматтарды деректер базасына қосу туралы ұсынысты өңдеуді бастадық», - деп жазды Ирина Фриз.

Бұдан бұрын Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман, Украинаның министрлер кабинеті Донбасста Ресей берген төлқұжаттарды заңсыз деп тану туралы шешім шығаратынын хабарлаған болатын.

Алайда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, Донбасстың тұрғындарына төлқұжат беруді жалғастыратынын, Украина тарапынан мұны заңсыз деп тануы жағдайды өзгертпейтінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путин осы жылдың 24 сәуірінде Донецк және Луганск халық республикаларына ресейлік төлқұжаттарды жеңілдетілген түрде беру туралы жарлық шығарған болатын. Құжат ресми түрде жарияланғаннан кейін бірден күшіне енді.

Украинаның президенті Владимир Зеленский, Мәскеудің бұл қадамына «тез әрі ақылды» жауап қайтарамын деп уәде еткен. Ал Петр Порошенко болса Украинаның төлқұжаты әлемді саяхаттау кезінде ресейлік төлқұжаттың алдын орайтынын айтты.

09 мамыр 2019 ж. 1 231 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930