Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зеленский әлеуметтік төлемдер үшін әскери шеруден бас тартты

Зеленский әлеуметтік төлемдер үшін әскери шеруден бас тартты

Украина президенті Владимир Зеленский Тәуелсіздік күніне орай өтетін әскери шеруден бас тартты. Үнемделген қаржы әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын болады. Бұл туралы Зеленский Facebook желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Украинада Тәуелсіздік күні 24 тамызда атап өтіледі. Зеленский әдетте мерекеде «салтанатты және арзанға түспейтін» әскери шеру өткізілетінін атап өтті.

«Одан да бұл ақшаны біздің батырларымызға бергеніміз дұрыс. Біз барлық әскери қызметкерге сыйақы ретінде 300 млн гривен (4 млрд 470 млн теңге) бөлу туралы шешім қабылдадық», - деп жазды Зеленский.

Владимир Зеленскийдің сөзінше, ақшалай сыйақы тек Донбасстағы әскери қызметкерлерге емес, шұғыл қызмет сарбаздары, офицерлер, тіпті курсанттарға да беріледі.

Сонымен қатар Украина президенті Тәуелсіздік күнін мерекелеу жаңа форматта өтетінін айтты.
11 шілде 2019 ж. 1 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031