Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қаулы: Мүгедектігі бар адамдарға «Pfizer» екпесі егіледі

Жаңа қаулы: Мүгедектігі бар адамдарға «Pfizer» екпесі егіледі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 18 ақпандағы №11 Қаулысына сәйкес медициналық қызметкерлер, мүгедектігі бар адамдар және 50 жастан асқан азаматтарға «Pfizer» вакцинасын егуге рұқсат етілді. Бүгінде инфекциялық стационарда – 46 адам ем қабылдаса, 12 науқас жансақтау бөлімінде. Сондай-ақ, 123 891 облыс тұрғыны ревакцинациядан өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов хабарлады.

«Облыста соңғы тәулікте 3 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бүгінде инфекциялық стационарда – 46 адам ем қабылдаса, 12 науқас жансақтау бөлімінде. Сондай-ақ, 123 мыңнан аса облыс тұрғыны ревакцинациядан өтті. Сонымен қатар, вакцинаның І компонентін алғандар 93,8 пайыз болса, ІІ компонентін 91,5 пайызы қабылдады. Ал «Pfizer» екпесімен 55 859 адам қамтылды. Оның 48 мыңнан астамы жасөспірімдер болса, 2 291 жүкті әйелдер қабылдаған. Тағы бір айта кететін жайт, вакцинаның үшінші дозасын алғандар арасында вирус жұқтырғандар жоқ. Қазіргі таңда облыста аурушаңдық деңгейі төмендеп келеді», – деді Жангелді Шайымбетов.

Жыл басынан бері оқшалану тәртібін бұзған «қызыл» мәртебедегі 162 тұрғын анықталды. Ал карантин тәртібін бұзған 25 адамға әкімшілік айыппұл салынды. Өңірдегі белсенді ошақтар саны – 70, ал ұйымдасқан ұжымдағы ошақтар саны – 16-ны құрайды.

«Екпемен қамтылғандардың басым көпшілігі облыс орталығының үлесінде. Аудандар бойынша жоғары көрсеткіш Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарына тиесілі. Сондай-ақ, 4 мыңға жуық нысан «Ashyk» жүйесіне қосылған. Басым көпшілігі қоғамдық тамақтану нысандарының үлесінде. Сонымен қатар, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 18 ақпандағы №10 Қаулысына сәйкес «Ashyk» жүйесі бойынша «көк» және «жасыл» мәртебедегі адамдарға ойын-сауық орталықтарына еш кедергісіз кіруге рұқсат берілді», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.
22 ақпан 2022 ж. 388 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930