Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Pfizer” вакцинасын егу басталды

“Pfizer” вакцинасын егу басталды

Қызылорда облысында 12-18 жас аралығындағы балалар, жүкті және бала емізуші әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасын егу басталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.
Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алуды бастады. 70 студентке ата-аналарының келісімімен вакцина салынуда.
– Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған «Pfizer» вакцинасының ерекшелігі – құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханада дайындық жұмысы пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада «Pfizer»-дің 23400 дозасы жеткізілді. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті және босанғанына 42 күн болған әйелдерге салынады», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.
Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 18 жағдай тіркелді. Емделіп шыққаны 96% құрайды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 163, реанимациялық төсек-орында 21 науқас ем қабылдауда. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері 1 компонентімен егілгендер саны – 385 601, халықтың қамтылуы 85,2 процентті құрады. Екінші компонентін – 320 783 адам салдырған.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
16 қараша 2021 ж. 499 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 152

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 170

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031