Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік бағасы арзандауы мүмкін бе?

Көлік бағасы арзандауы мүмкін бе?

2021 жылы әлем бойынша жаңа автомобильдерге қол жеткізуде қиындықтар туындады. Оның себебі логистикалық кедергілерден деп түсіндірілді. Автосалондардың сатылымында көліктер болмағандықтан, нарықтағы жүрілген көліктердің бағасы 22%-ға дейін өскен.
Жалпы, көлік бағасы Қазақстанда ғана емес, Ресей мен Өзбекстанда, автомобиль нарығы әлдеқайда дамыған АҚШ-та да біршама қымбаттаған. Ал біздің елімізде жарты жыл ішінде ескі көліктердің бағасы 500 мың мен 1 миллион теңгеге, жаңа көліктер 2-3 миллион теңгенің арасында өсті. Қазақстандықтар еліміздегі қымбатшылыққа утилизациялық алым себеп болды деп есептейді. Ал, егер, бұл заңнама күшін жойса, баға төмендеп, тұрақталуы мүмкін бе? Әуелі, утилизация алымы дегеніміз не және ол не үшін қажет деген сауалға жауап берейік. Қысқаша және қарапайым тілмен айтқанда, бұл - шетелдік автомобильді елге алып келу және тіркеу кезінде бір рет төленетін салық. Утилизациялық алымды барлық өндірушілер, импорттаушылардан бастап қарапайым сатып алушылар да төлеуге міндетті.Утилизациялық алымның мөлшері қандай?Утилизациялық алым тегіннен бастап 4 миллион соммасына дейін барады. Төлемді есептеуге арналған базалық 50 АЕК көлеміндегі мөлшерлеме бар, ол коэффициентке көбейтіледі. Ол машинаның сипаттамаларына байланысты. Мысалы, электромобильдердің утилизациялық алымы 0 теңгені құрайды. Ал Camry 40 сияқты көлік үшін 1 531 500 теңге төлеу керек. Жалпы, 2021-2022 жылдары көлік бағасының күрт өсуіне нақты себеп жоқ. Әлем елдерінде автокөлік бағасы көтеріліп, техника тапшылығының орын алуы Қазақстанға да тікелей әсер еткені анық.Біріншіден, көлік бағасының көтерілуіне жанама түрде себеп болған – пандемия. Әлемдік автокомпаниялардың конвейерлері көлік сатылымы нағыз қызған уақытта тоқтап қалды. Барлық дайын өнім сатылып кеткендіктен, дилерлер мен өндірушілердің қоймаларында ештеңе қалмады. Осылайша әлемдік көлік дефициті орын алды.
#баға #көлік #утилизациялық алым

16 ақпан 2022 ж. 1 405 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 240

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 130

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031