Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келелі кездесу, байыпты тірлік

Келелі кездесу, байыпты тірлік

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесті. Аудан басшысы мемлекеттің қандай да болмасын бастамасын жүзеге асыру жолында үкіметтік емес ұйымдардың маңызы өте зор екенін атап өтті.
Кездесу барысында көкейкесті мәселелер көтеріліп, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілерінен түскен ұсыныстар қаралды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Қуаныш, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық қорының жетекшісі Әлімжан Қияс мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен байланыстағы өзекті мәселелер туралы пікірлерін білдірді.
Билік пен халық арасындағы жұмысты жалғастыра отырып, тығыз жұмыс жасайтынына сенім білдірген аудан басшысы алда атқарылатын жұмыстар барысын жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданы бойынша 50 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 12 ұйым тұрақты түрде белсенді жұмыс жасап келеді.
* * *
Аудан әкімі аудан көлемінде орналасқан бірқатар теміржол мекемелерінің өндіріс орындарында болып, мекеме басшыларымен арнайы мәжіліс өткізді.
Кездесу жиынында теміржолшылар сала бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, өз ойларын ортаға салды. Және жергілікті салық базасын ұлғайту, қоршаған ортаның тазалығын жақсарту, жұмыссыздықты болдырмау мақсатында тиісті алдын алу шараларын жүргізу бағытында ұсыныстар айтылды.
Жалпы, Қазалы ауданы өнеркәсібінің жергілікті бюджетке түсетін түсімнің қомақты бөлігін қамтамасыз етіп отырған аудан көлемінде орналасқан 16 теміржол мекемелерінде 3 мыңға жуық адам қызмет жасайды.
* * *
Аудан әкімі аудан орталығындағы сауда нысандарында болып, азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығын қадағалады.
Сауда қатарларын аралап көрген аудан басшысы алдымен көкөніс, ұн, ет өнімдерінің бүгінгі бағамын саралады. Кент әкімі мен базар басшылығына, тиісті сала жетекшілеріне азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды жүктеді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
28 қараша 2017 ж. 1 656 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930