Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқуға қызығушылықты қалай арттырамыз?

Оқуға қызығушылықты қалай арттырамыз?

Көптің көкейінде жүрген бала тәрбиесіндегі басты сұрақтың бірі – «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?». Әсіресе, смартфон мен планшетті қолынан тастамайтын бүгінгі оқушылардың оқуға құштарлығын оятудың қандай тиімді тәсілі бар? Репетитор жалдау бар мәселенің түйінін тарқата ма?

Баланың қарым-қабілеті ата-анаға белгілі
Дина ҚОЖАХМЕТ, ата-ана.
– Немерем биыл 1-ші сыныпқа барды. Оқуы жаман емес дегенмен, репетиторға апарудың артықшылығы жоқ деп ойлаймын. Өйткені, өзім 15 күндей апардым. Баламнан алға ілгерілеушілікті байқаймын. Алдағы уақытта тағы да жоспарлап отырмын. Өзімнің балаларымның сабағын әкесі қадағалайтын. Ұстаз болғандықтан болар сол кісіге сенім артып кеткенмін. Жолдасым үнемі «Баланың бастауышта алған білімі мықты болса, кейінгі сыныптарды өзі алып кетеді» деп отыратын. Мен де қазір осы ұстанымдамын. Сол себепті немеремнің жан-жақты білім алуына күш салып жүрмін.
Мектептегі мұғалімі жаман дей алмаймын. Себебі баласының қарым-қабілеті әр ата-анаға белгілі. Немерем 6 жасынан барған еді. Оқуға деген құлшынысы жоқ емес, талабы бар. Тек уақыт пен жиі қайталап оқып отыруды талап етеді. Бала болған соң әрине қадағалап, бағыттап отырғанымыз жөн.

Оқуға деген құлшынысын балабақшадан бастау керек
Гүлназ ДҮКЕНБАЕВА, ­«Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі.
– «Еркетай» шағын орталығында жоғары топтарда әріп тануды, 10-ға дейін санауды үйретеді. Бұның өзі балаға үлкен көмек. 1-ші сыныпқа әріп танып барған оқушы білімді жеңіл меңгеріп кетеді деп ойлаймын. Балабақшаға барудың тиімді тұстарының бірі осы. Үйде қыздарымның оқуға деген құлшынысын оятуда түрлі көркем суреттермен безендірілген ертегі кітаптарды алып беремін. Бала көзімен көрген дүниеге қызығады. Оларға әдемілік, түрлі-түсті бояулармен боялған кітаптар ұнайды. Санағыштармен санатып, қосып, алуды меңгертуге болады. Ерте жастан баланы оқу-білімге бейімдеу, мектепке барған кезде өз жемісін беретініне көзім жетті.
Репетиторға көпшілік жүгінеді. Ұл-қызының келешегін ойлаған ата-ана білімді болып өскенін қалайды. Егер қалтаң көтеріп тұрса, ақылы оқу-орталықтарына апарғанның айыбы жоқ. Тек бала көкейіне керекті дүниені тоқыса болғаны. «Репетиорға барып жүр ғой» деп қадағаламай кетпеу керек. Мұғалім, ата-ана және бала біріккен үштік үздіксіз еңбек етсе ғана, нәтижелі болады.

Бір сарындылық оқушыны жалықтырып жібереді
Жанар ӘЛІШЕВА, Оқушылар үйіндегі "Туристік-өлкетану" үйірмесінің жетекшісі.
– Ата-ана баласының мектептегі үлгерімі мен іс-әрекеттерін қадағалап ұстаздарымен үнемі байланыста болу керек дер едім. Баланың қызығушылығын арттыру үшін қазіргі таңда шыққан кітаптар өте көп. Қазіргі педагогикада жаңа технологиялармен, түрлі көрнекті құралдар, ойын әдістері, ертегі желісі арқылы жеткізу, өткізілген сабаққа байланысты қызықты дидактикалық материалдармен тапсырмалар беріліп өту арқылы баланың зейін қабілетін арттыруға болады. Егер қиналатын сабақтар болса онда сынып болып қосымша сабаққа қалып бірге талдаса түсінікті болады. Баланы мақтау арқылы, сенім арту арқылы сабаққа белсенділігін үдетсе, оқуға ынтасы арта түседі.
Репетитор ол да бір мамандық бала үшін жауапкершілікті мойнына алып оның білімін тереңдетіп оқытып, ата-ананың сенімінен шығуда үлкен еңбек. Қазір барлық ата-ана жұмыста, үйде баланың сабағына қарауға мүмкіншілік жоқ, және кез келген ата-ана баламен бірге математика бойынша есептер шығаруға, шет тілінің тапсырмаларын орындауға шамалары келе бермейді. Сондықтан қажеттіліктен репетиторға жүгінеді. Олда заман талабы.

Репетитор ақшадан көрі, арды ойлағаны дұрыс
Нұрбала ДӘРМЕНҚҰЛОВА, мұғалім.
– Баланың қызығушылығын арттыру үшін ең алдымен, ол неге қызығады соны білу керек. Қай нәрсеге бейім екенін зерттеу маңызды. Мәселен, ауызша айтылған дүниені тез қабылдайды ма, әлде практика жүзінде көрсетілген білімді жылдам игере ме соны ескерген жөн.
Репетиторға келер болсақ, оның пайдасы да, зияны да бар. Репетитор ең алдымен балаға да, ата-анаға да жаны ашуы керек. Мысалы менің тәжірибемде мынадай жағдай болды. Баланы қанша оқытып, үйретіп, тапсырма бергеніңмен орындамай келеді және қабылдауы қиын. Оны байқаған соң дер кезінде «Менің уақытымды алма, әке-шешеңнің ақшасын құртпа. Сен маған келмей-ақ қой» дедім. Өйткені, көріп тұрмын баладан еш нәтиже шықпайды. Ата-ана босқа шығынға батады. Осы ретте репетитордың ақшадан көрі, арды ойлағаны дұрыс.
Ал кейбір оқушыға мектептегі мұғалімінің сабақ беру әдісі ұнамайды. Сол себепті қосымша ақылы түрде білім алуға барады. Баланың оқуға деген ынтасы болмаса, ата-анасының айдауымен жүрген оқушыға ешқандай репетитор көмектесе алмайды.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
23 қаңтар 2022 ж. 1 404 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031