Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кітапханашылардың мәртебесі артады

Қазақстанда кітапханашылардың мәртебесі артады

Қазақстанда ұлттың сауаттын арттыру үшін "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы жүзеге асырылады. Оның аясында кітапханашылардың мәртебесі де артады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз кітапханашылардың мәртебесін арттыру, олардың еңбекақысын көтеру және жұмысының жаңа талаптарға сай болуын қайта қарастырып жатырмыз. Оларды педагогикалық кадрлар санатына енгізу бойынша бастаманы көтердік", - деп жазды Facebook-те министр.
Сонымен қатар Асхат Айтмағамбетов алдағы уақытта кітапханаларды цифрландыру жоспарланып жатқанын атап өтті.
"Осыған байланысты, көркем әдебиеттің электронды нұсқаларын интернет және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімді ету қажет. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бар. Олардың авторларымен бірігіп жұмыс істемекпіз. Сондай-ақ, біз геймификация элементтерін қолдануды жоспарлап отырмыз", - деді БҒМ басшысы.
Бұған дейін министр ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін бала мектеп жасынан бастап көркем әдебиетті оқуға ұмтылуы қажет екенін айтты.
18 қараша 2020 ж. 1 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930