Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаңыз сабақ оқу үшін...

Балаңыз сабақ оқу үшін...

Мотивацияның екі түрі бар: бірі – ішкі, екіншісі – сыртқы. Ішкі мотивацияның барын біз ойымыздан шығарып алып жатамыз. Ол баланың қалауымен тығыз балйанысты. Сіз талап етпесеңіз де ол кітап оқуы мүмкін, бар жан-тәнімен ән салуы мүмкін.
Ал, сыртқы мотивация әр түрлі: сіз ұсынатын ақшадан бастап, мектептегі бағаға дейін. Ол мына тіркестің көмегі арқылы байқалады: «Осылай істесең, мынаны аласың».
Психолог Альфи Кон «Марапат арқылы жазалау» (Наказание наградой) деген кітабында ата-ана ғана емес, мұғалім де бұл әдісті пайдаланатынын айтады.
Кейбір ата-ана жақсы оқығаны үшін гаджеттер алып беріп, кейде ақша беріп отырады. Бірақ, бұл жұмыс жасамайды: оқушы бұрынғыша нашар оқиды және уәде берген дүниесін бермеген соң ренжиді. Мұғалімдер де сондай әдіс қолданады. Оқушыларды өзара жарыстырып, үздік оқушыны таңдайды.
Бірақ, сол үздік оқушы ай сайын өзгеріп отырмайды. Бұдан оқушылардың оқуға деген қызығушылығы азаяды. Сыртқы мотивация неге іске аспайды? Алғашқыда ата-ана баласына ұсыныс айтқанда, бала оны қуана қабылдайды.
Бірақ, бала бұдан шығармашылық бағыттағы шешім емес, қысқа да жеңіл жолды қарастыра бастайды. Ақыр аяғында, оқуды білім үшін емес, одан алатын марапат үшін жалғастырады. Оқуға қызығушылықты не оятады? Психолог Кон оны үш фактор әсерінде суреттейді:
1. Кішкентай балалар оқуға дайын және оған бола ештеңе талап етпейді. Олардың ішкі мотивациясы дамыған. Сондықтан, бастапқыда тек сіз бағыт берсеңіз болды.
2.Баланың қызығушылығы болуы маңызды. Оқымайтын баланы қабілетсіз санауға болмайды. Оның қызығушылығы өзге нәрседе екені анық. Соны ата-ана ретінде зерттеңіз және қолынан келмесе күштемеңіз. Оның күшті жағын жетілдіру үшін жұмыстаныңыз.
3. Баланы асыра мақтамаңыз. Ол баланың қызығушылығын түсіріп жібереді. Балалармен жұмыс жасауды үйреніңіз. Баланы тәрбиелеу – өзіңізді қайта тәрбиелеумен бірдей екенін ұмытпаңыз.

massaget.kz
18 желтоқсан 2017 ж. 2 607 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031