Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысы бойынша 27 блок бекет қойылды

Қызылорда облысы бойынша 27 блок бекет қойылды

Қызылорда облысының полиция департаменті халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда. Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. 23-00-ден 7-00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Полиция күштерімен банкоматтарды инкассациялау қамтамасыз етілуде.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қала көлемінде 5 блок бекет, ал 7 ауданда 22 блок бекет қойылды. Бұл бекеттерде тәулік бойы полиция қызметкерлерінің нарядтары, әскери қызметшілер кезекшілік етеді. Арнайы техникамен қамтамасыз етілген.
Қызылорда облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде барлық азаматтарды енгізілген шектеу мен қоғамдық тәртіпті сақтауды сұрайды.
«Облыс аумағында енгізілген шектеулерге байланысты Сіздерді тек аса қажеттілік болған жағдайда ғана үйлеріңізден шығуларыңызды сұраймыз! Шыққан жағдайда өздеріңізде жеке куәліктеріңіз болуы қажет. Алаңдатушылыққа бой алдырмай қауіпсіздік шараларын сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 қаңтар 2022 ж. 644 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 117

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 108

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30