Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

«Қызылорда облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №736 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының коменданты, облыстық Полиция департаментінің бастығының 10.01.2022 жылғы № 7 бұйрығы негізінде, Қазалы ауданына кіру-шығу автомобильдік тасжолдарына қарулы блок-посттар қойылып, төтенше жағдай уақытында (сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін) адамдардың коғамдық орындар мен көшеде жүруіне, оның құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылды.
Бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа бұқаралық
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар, олардың заттары, көлік құралдары тексеріледі.
Қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға, алып жүруге тыйым салынып, дәрі-дәрмектің, есірткі және психотроптық заттардың, прекурсорлардың ерекше режимі белгіленді.
Аудан көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты күнделікті сағат 21:00-ден 08:00-ге дейін тоқтатылды. Алкогольдік өнімдерінің сатылуына тыйым салынды. Кафе-барлар, мейрамханалар, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынып, аудан көлемінде орналасқан қару-жарақ сататын дүкені жабылды.
Баршаңызды ел тыныштығы үшін, төтенше жағдай режимін және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын.

Болат КАБИЗОВ
Қазалы ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі

13 қаңтар 2022 ж. 1 521 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 128

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031