Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық бақылау бекеттері жұмысын бастады

Медициналық бақылау бекеттері жұмысын бастады

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов "Қызылорда-Павлодар" тас жолына қойылған медициналық-бақылау бекетінің жұмысымен танысты. Өңір басшысына қала әкімі және облыстық полиция департаментінің бастығы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Аймақта бүгіннен бастап Жезғазған, Түркістан, Ақтөбе бағыттары бойынша 4 медициналық-бақылау бекеті жұмыс істейді. Жауапты сала мамандары аймаққа келім-кетім көліктерді тоқтатып, азаматтардың жағдайын тексереді. Қауіпсіздік мақсатында азаматтардың жеке мәліметтері жинақталады.

Аталған бекеттерде облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және полиция департаменті қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

Аймақ басшысы медициналық-бақылау бекетіндегі сала мамандарына тапсырма берді.

"Нұр-Сұлтан, Қарағанды қаласынан келген азаматтарды толық тексеруден өткізіп,міндетті түрде арнайы анкета толтыру қажет. Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың барлығы уақытылы, мүлтіксіз орындалуы керек. Сонымен қатар, ірі және шағын сауда нүктелеріндегі азық-түлік сататын бөлімдердегі тазалық талапқа сай болуы тиіс. Залалсыздандыру құрылғыларына, бетпердеге аса мән беріңіздер. Тағамдану орындары кешкі сағат 10.00-ге дейін, ал мейрамханалар жұмысын мүлдем тоқтату керек",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
syrboyi.kz
23 наурыз 2020 ж. 771 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 112

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031