Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 1178 ауылда интернет қолжетімсіз

Елімізде 1178 ауылда интернет қолжетімсіз

Депутаттық сауалда ауылдарда ғана емес, қалаларда да сигнал өте әлсіз жерлер бары айтылған. Жаңа реттеуші саясат туралы заң жобасын талқылау барысында Экономика министрлігі бизнестің электрондық есептілігіне толығымен көшуді ұсынған болатын. Алайда, елімізде 1178 ауылда интернет қолжетімді емес, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы «Ақ жол» фракциясының депутаттары Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге жолдаған депутаттық сауалда мәлім болды.

Онда ауылдарда ғана емес, қалаларда да сигнал өте әлсіз жерлер бары айтылған. Адамдар көп жиналатын жерлерде жүктеменің жоғарылауына орай да байланыс тұрақсыз.

«Егер міндетті электрондық есептілік туралы норма іске асырылған болса, бүкіл ел бойынша мыңдаған кәсіпкер сыртқы фактордың кесірінен қысымның астында қалар еді. Бұл мәселе интернеттің қолжетімділігіне ғана қатысты емес, ол жалпы ұялы байланыстың сапасы туралы мәселені ушықтырды», ˗ делінген депутаттық сауалнамада.

Белгілі болғандай, биыл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс сапасының төмендігі үшін байланыс операторларына 100 млн теңгеге айыппұл салған. Өткен жылы олардың жалпы табысы 884 млрд теңге болды. Оны ішінде төлеген айыппұл көлемі небәрі – 0,01%-ды құрады. Байланыс компаниялары үшін олқылықтармен күресуден гөрі, салық төлеу әлдеқайда тиімді болып отыр. Елді мекендер мен қалаларда интернеттің болмауынан мыңдаған азаматтар мен кәсіпкерлер өз жұмысын дұрыс жүргізе алмай отыр.

Фракция мүшелері егер қазіргі операторлар қалыпты байланысты қамтамасыз ете алмайтын болса онда, жақында Илон Маск жариялаған Starlink жүйесін қоса алғанда жаңа байланыс операторларының Қазақстан нарығына кіруіне мүмкіндік беру керегін айтады. Сол арқылы бұл салада бәсекеге қабілетті ойыншылар қалуын анықтауға басымдық берілмек. Сонымен қатар, байланыс операторларының айыппұл мөлшерін мүмкіндігінше арттыру ұсынылды.
26 қараша 2021 ж. 192 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 69

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 117

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 126

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 90

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031