Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 92 млн теңге айыппұл төледі

Сапасыз интернет үшін байланыс операторлары 92 млн теңге айыппұл төледі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарды интернетпен қамту жұмыстарын айтып берді, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазір барлық ауылға интернет жеткізу мәселесі ашық тұр. Әзірге 5 163 ауылдық елді мекен мен қалаларда интернет бар дейміз, бірақ 768 ауылда интернет сапасы төмен. Бұрын неге интернет сапасы жөніндегі сұрақтарға жауап бере алмадық?
Өйткені, жалпы ең төменгі деңгейдегі параметрлер белгіленбеген еді. Мен осы жылдың басында өз бұйрығыммен ең төменгі параметрлерді белгіледім, ол 3G үшін – 1,5 мегабит, 4G үшін – 5 мегабит болды. Бұрын тексеру жүргізгенде 3G болса, интернет бар деп есептелетін.
Ал қазір осы параметрлерге сай келе ме, осыны бақылаймыз», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Ведомство басшысының айтуынша, жыл басынан бері интернет сапасына 400-ден астам тексеру жұмыстары жүргізілген және олардың 80 пайызында сапа аталған параметрлерге сай келмейтіні анықталған.
«2020, 2019 жылдары мұндай тексерулер саны жүзге де жетпейтін. Осылайша, біз тексеру жұмыстарын көбейтіп, интернеттің тиісті сапасын қамтамасыз етпеген операторларға айыппұлдар бердік. Осы 3-4 айдың ішінде операторлар бұл мәселені шешпесе, айыппұлдар көлемі екі есе ұлғаяды. Қазір депутаттармен бірлесіп, айыппұлдар көлемін 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке (2 917 000) дейін өсіріп жатырмыз. Биыл 92 млн теңге айыппұл берсек, 10 есе өскен айыппұл бір жылда 1-2 млрд теңге сомасында жиналады деп ойлаймыз. Әрине, бұл өте қомақты сома. Сондықтан, операторлар интернет сапасын арттыруға бар күш-жігерін салады деп үміттенемін», - деді Б. Мусин.
Сонымен бірге, министр интернет сапасын арттыру мақсатында радиожиіліктер берілетінін атап өтті. «Ауыл шаруашылығына жер қандай керек болса, байланыс операторлары үшін де радиожиілік керек. Оны көзбен көре алмаймыз, бірақ интернет радиожиіліктер арқылы жұмыс істейді. Оны біздің министрлік таратады. Биыл радиожиілік лицензияларын қайта жинап, жаңасын тағайындадық. Алдағы екі жылда аталған 768 ауылда интернет сапасы жақсартылады. Екіншіден ұлттық жоба аясында ең төменгі параметрлерді 4 жылда 10 мегабитке дейін көтереміз. Облыс орталықтары мен қалаларда 5G байланысын өткізетін боламыз», - деп толықтырды Б. Мусин.
29 қазан 2021 ж. 511 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930