Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда барлық пойыздарда Wi-Fi болады

Қазақстанда барлық пойыздарда Wi-Fi болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма мүшесі Алмас Айтпаев Қазақстанның барлық жолаушылар пойызында Wi-Fi қызметін қолжетімді ету мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта «Тұлпар-Тальгоның» бірнеше пойызында, атап айтқанда Алматы-Петропавл және Алматы-Астана бағыттарына Wi-Fi қызметі енгізілді. 2020-2022 жылдары өзге бағыттарға да енгізіледі», - деді Алмас Айтпаев Астанада өткен брифингте.
Сонымен бірге, А. Айтпаев барлық пойыздарды Wi-fi қызметімен қамту мәселесіне тоқталды.
«2020-2022 жылдарға дейін Қазақстан темір жолы барлық темір жол желісіне Wi-Fi жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, сонда барлық пойыздарда Wi-Fi қолжетімді болады», - деді ол.
29 наурыз 2018 ж. 1 651 0

Алданбаудың амалдары

11 қараша 2026 ж. 90

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30