Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылуға жүрміз жете алмай

Жылуға жүрміз жете алмай

«Қыстың қамын жаз ойла» дейді бабаларымыз. Тәмсілдің мәнін ұғынған қыстың суығына қамданып, етек-жеңін ертерек жияды. Жылу қажеттілікке айналар күн де жақын. Алайда осы мәселеде алдын ала дайындалып, салқынға сақадай-сай отыру қанға сіңбей келеді.
Күннің райы қуантпай тұр. Қазірден қалың киініп, жағдайы қиындай бастаған жұрт жылудың қосылмай жатқанына наразы. Бірі «балаларымыз ауырып қалады» деп уайымдаса, енді бірі пандемия кезінде өз денсаулығын нашарлатып алуға қорқады. Қалай десек те мемлекеттің басты капиталы – адам саулығы алғашқы орында тұруы керек. Кент жылумен қашан қамтылмақ? Ел тілегі ескеріле ме?
Бұл туралы жылудың қосылып, аталған маусымның ашылуына жауапты «Қызылорда жылу электр» тарату орталығының «Қазалы теміржол жылу» филиалының бас инженері Нұрылда Байсақалов: «Жылу маусымына толық дайынбыз. Алайда кентке жылудың қосылатын мерзімі облыстық энергетика басқармасы мен аудан әкімінің тапсырмасына байланысты. Мәселен, өткен жылы 8 қазанда іске қосуды тапсырса, 9 қазан күні жылу беруді бастап кеттік. Биыл да шамамен сол мерзімге қарай жылу қосылады деп жоспарлаудамыз», – дейді.
Жалпы елімізде жылыту маусымы әлеуметтік инфрақұрылым үшін 1 қазанда, тұрғын үйлер үшін 15 қазанда басталады. Бірақ белгілі бір министрлік тарапынан нақты бекітілмегендіктен, елдегі әр өңірде жылу беру мен тоқтату ауа райына байланысты қолға алынуда. Жоғарыда айтқанымыздай, қысы суық, өкпек желі өңмеңінен өтетін қазалылықтар жылу маусымы 1 қазаннан басталса деген тілектерін жеткізген. Алайда жылу маусымы жайлы жаңа ақпарат көңілді де жылытпай тұр.

Дина БӨКЕБАЙ
05 қазан 2021 ж. 711 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 151

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031