Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыс қамы қамкөңіл

Қыс қамы қамкөңіл

Жылу беру маусымы басталды дегеннен аудан халқы қыстан шығудың қамын күйттейді. Бірі үйдегі жылу жүйесінің жұмысын тексеріп, дайындыққа кіріссе, көгілдір отын кірмеген отбасылар тонналап көмір түсіріп әлек. Ал орталық жылу беру жүйесінің көмегіне жүгінетін мөлтек аудандағы көппәтерлі үйдің тұрғындары уақытылы жылудың келгенін қарап, үй ішіндегі жылу көрсеткішінің төмендемеуін қадағалайды. Кеше редакциямызға жылу беру мәселесі турасында «Мелиоратор» мөлтек ауданының тұрғыны Нұрислам Махмұтұлы бас сұқты. Оның айтуынша, қазіргі жылу беру жүйесі төмендеген.

– Мелиоратор мөлтек ауданындағы жылудың жайы көңіл көншітпейді. Үй салқын. Жылу келді дегеннің өзінде, батарея ысымайды. Мән-жайды жауаптыларға түсіндірсек, насос құру қажеттігін айтып, оны өзімізге жүктейді. Мұны да жасап көрдік. Алайда өзгерген дәнеме жоқ. Түсініп қарасаңыз, қыс мезгілі енді ­басталды. Оның үстіне ауа райының салқындығынан далаға шыққың келмейді. Осыдан соң жылу келмеген үй ішіндегі температураны ойлап көріңіз?! Кішкентай балаларым бар. Әдетте адамдар батареяға жылыну үшін жақындаса, біз қол тигізуден қалдық. Жауаптыларға қоңырау шалсақ, келіп жөндегендей болады. Дегенмен ертесіне қайта мұздап кетеді. Егер мұны қазірден қолға алмаса, алдағы жайымызды ойлаудың өзі қорқынышты. Осының шешімі табылса, – деген жанайқайын жеткізді.
Зерттей келе бұның аудандағы бір жерде болып отырған жайт емес екенін көзіміз жетті. Бұлармен қатар Желтоқсан көшесінің бойындағы көппәтерлі үйлер де бар. Қараша келді дегеннен ондағы тұрғындардың үйі салқындап, көрпе жамылып отыруға көшкен. Жауаптылардан көмек сұраса, тағы да әдеттегіше насос алу қажеттігін айтқан. Ондағы тұрғын С.Әлиұлы мұның шешімі тез арада табылуын сұрайды.
– Насос алу қажеттігі маған да айтылды. Дегенмен оны алу үшін қаражат қолбайлау болып отыр. Сонда насос алмаған жұртшылық тоңып отыра бере ме? Жылуға ақша төлейміз, сондықтан жауаптылар ақысы төленген үйге жылу жіберуге міндетті. Егер батарея ыстық болып, үй салқын болса бұл бөлек әңгіме. Бірақ үй де, батарея да қанжылым. Ал мұның шешімін жауапты мекеме біржақты етіп берсін, – дейді ол.
Көтерілген түйіткілге қатысты Әйтеке би кенті әкімдігі жауап қайырды. Олардың айтуынша, көрсетілген мәселеге жауапты «Қазалы теміржол жылу» мекемесі екен. Мекеме мәліметіне сүйенсек, барлық көппәтерлі тұрғын үйлерге жылу жүйесі тұрақты беріліп тұр. Ендігі олар жылу жүйесі дұрыс берілмей тұрған көппәтерлі тұрғын үйдің мекенжайын нақтылауға кіріскенін жеткізді.
Мұнан бөлек аталған мәселеге «Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі де жауап берді.
– Мелиоратор мөлтек ауданындағы орталықтандырылған жылу жүйесінен пайда болған ақауларға байланысты «Қазалы теміржол жылу» мекемесінің мамандарымен бірігіп, зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жылу жүйесінен пайда болған ақаулар қайта қалпына келтіріліп, жоғарыдағы аталған тұрғын үйлерге жылу жүйесі бір қалыпты берілетін болады, – дейді жауапты мекеме мамандары.
Байыбына барсақ, бұл халықтың суыққа шыдамағанынан туындаған түйіткіл. Егер бұл мәселенің шешімі табылмайтын болса, бұқараның наразылығы одан әрі өршіп кетері сөзсіз. Сондықтан жауаптылар дер кезінде жылу жайын біржақты етсе, нұр үстіне нұр.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
24 қараша 2020 ж. 626 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930