Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жан жадыратқан жәрмеңке

Жан жадыратқан жәрмеңке

Өткен сенбіде аудан орталығы – Әйтеке би кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округтердің шаруалары ауданның бренді саналатын «Қазалы» кәмпитінен бастап ауыл шаруашылығы дақылдары, күріш, ет-сүт өнімдері, жем-шөп және қой-ешкілеріне дейін алып келді.
Жәрмеңке өтетін Әйтеке би көшесінің өзінде көлік аялдайтын орын жоқ. Қап арқалағандар да, арба сүйреткендер де – мәз-мейрам. Саудагерлерден бөлек, арбакештердің сұраныста болғанын да айта кеткен жөн. Қалай десек те, ел несібесінің еселенгені байқалды.
Жәрмеңкеге 1 тонна ет өнімдері, 13 тонна картоп пен жуа, 1,5 тонна сүт өнімдері, 6 тонна күріш, 6 тонна балық, 12 тонна бақша дақылдары, 3 тонна асқабақ және 16 тонна жем, 7 машина шөп, 80 бас қой-тоқты әкелінді. Сонымен бірге жеке кәсіпкер Б.Биболаев көкөніс және жеміс-жидек түрлерін халыққа ұсынды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
05 қазан 2021 ж. 820 0

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 52

Батагөйлер байқауы өтті

13 маусым 2026 ж. 51

Ел тілегі ескерусіз емес

13 маусым 2026 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930