Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Кеше аудан орталығы – Әйтеке би кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы және ауылдық округтердің шаруалары ауданның бренді саналатын «Қазалы» кәмпитінен бастап ауыл шаруашылығы дақылдары, күріш, ет-сүт өнімдері, жем-шөп және қой-ешкілеріне дейін алып келді.
Жәрмеңке өтетін Әйтеке би көшесінің өзінде көлік аялдайтын орын жоқ. Қап арқалағандар да, арба сүйреткендер де – мәз-мейрам. Саудагерлерден бөлек, арбакештердің саудасының қызғанын да айта кеткен жөн. Қалай десек те, ел несібесінің еселенгені байқалды.
Шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап арнайы қатысып, ұйымдастырушылардың еңбегіне жеміс тіледі.
Аудан басшысы жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғысын айтып, алдағы уақытта жергілікті жердегі бау-бақша өнімдері болу қажеттігін айтты.
Жәрмеңкеге 1 тонна ет өнімдері, 13 тонна картоп пен жуа, 1,5 тонна сүт өнімдері, 6 тонна күріш, 6 тонна балық, 12 тонна бақша дақылдары, 3 тонна асқабақ және 16 тонна жем, 7 машина шөп, 80 бас қой-тоқты әкелінді. Сонымен бірге жеке кәсіпкер Б.Биболаев көкөніс және жеміс-жидек түрлерін халыққа ұсынды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатын болады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

03 қазан 2021 ж. 872 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031