Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырдағыларға береке сыйлады

Байқоңырдағыларға береке сыйлады

Сенбіде Байқоңыр қаласында Қазалы ауданының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілді. Оған Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және 17 ауылдық округ кәсіпкерлері қатысты. Барлығы 16 автокөлік шығарылып, сауда қатарларынан орын алды.
Жәрмеңкеде "РЗА-Сүт", "Сыр маржаны" ЖШС-нің және "Сәт" жеке кәсіпкерінің сүт, шұжық және күріш өнімдері базар бағасынан 10-15 процент төмен бағада босатылды. Жұлдызды қала тұрғындарына сол күні 2 тонна күріш, 2 тонна сүт, 1,2 тонна ет, 500 келі шұжық, 1,1 тонна балық, 7,5 тонна бақша өнімдері мен "Қазалы" кәмпиті 500 келі жеткізіліп, жалпы құны 4 760 000 теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды.
– Қазалының өнімдеріне бізде сұраныс жоғары. Шыны керек, бұл жәрмеңкені асыға күттік. Отбасы мүшелері болып балықты сүйсініп жейміз. Сондықтан сәтін салып тұрғанда қалтаға тиімді бағада біраз су маржанын сатып алдым. Сондай-ақ бақша өнімдері мен күріш, кәмпиттен де алып, дастарқанымыздың берекесі кіріп қалды. Келешекте қазалылықтар тағы да жәрмеңке ұйымдастыратын болса, қуана қарсы алуға дайынбыз, – дейді ақайлық Анар Қалымбетова.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
02 сәуір 2019 ж. 1 319 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 96

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930