Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұз сасыса, не себеміз?

Тұз сасыса, не себеміз?

Қыстың қамына қызу кіріскен көпшілікті тағы бір тосын жаңалық тосырқатты. Күн санап қарқын алған қымбатшылықты еселеген бұл хабарға бейжай қарау мүмкін емес-ті. Біз сөз еткелі отырған тақырып ел экономикасының флагманы болып табылатын жарық мен газ саласына қатысты болып отыр.

Тарифтегі тұрақсыздықтың тетігі
Энергетика бүгінде экономикалық даму, халықтың күнделікті өмірін жетілдіру және қолдаудағы қажеттілікті өтеуді жүзеге асыратын кәсіпорын қызметі қашан да маңызды. Барлық тауар өнімдеріндегі нарық ырыққа көнбеген тұста жарық пен жылу ақысындағы артуы себебі неде? Тариф неге тұрақтамайды? Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбаев аудан тұрғындарына мәлімдеді.
– Кәсіпкерлік Кодекстің 124-6-бабының және ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларының талаптарына сәйкес алдағы уақытта реттелетін қызмет бағалары туралы жария тыңдау өткізу міндеттелген, – деді сөзінде.
Бұған дейін төленетін тарифтің жаңа түрі қалай белгіленбек? Себебін департамент өкілі қос себеппен түсіндірді. Электр энергия тарифтерінің көтірілуіне 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап энергия өндіруші стансалардағы электр энергиясы құнының 3 проценттен 5-ке еселенуімен тікелей байланысты. Сондай-ақ «Кегок» АҚ-ның электр энергиясын тасымалдау тарифі 14 процентке өскен. Аталмыш жағдайларды негізге алған «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-мен өндірілетін энергия құны қосымша құн салығынсыз 1 кВт,сағатқа 12,54 теңгеден -13,15 теңгеге яғни 5 пайызға көтіріліп отыр.
Осы жылдың 3 қыркүйегінде ауданды жарықпен қамтамасыз ететін «Дәулетэнерго» ЖШС электр жабдықтау қызметінің жобалық орташа босату бағасы қосымша құн салығынсыз 1кВт. сағатына 20,31 теңгені құраған. Бұл 6,1 процентті көрсетеді.

Жарық берушілер жанайқайы
Сала мамандарының айтуынша, жоғарыдағы өсім қалта қағады деу дәлелсіз. Республика бойынша ең төменгі тарифті ұсынып отырған қызмет берушілер бұл қаржы жыртықты жамауға келмейтінін алға тартады.
Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің ағымдағы жылдың 14 мамырындағы қортындысы бойынша үстемақы мөлшері 0,003 теңгеге азайып, 0,57 теңгеге бекітілген. Сол кезеңнен бастап, оргтехникалық материалдар мен қызметкерлер ақысы бірнеше рет өскен. Бұл шығындарды қаперге алмақ тұрмақ, департамент дәлелсіз қызметкерлер ақысын кемітіп тастаған.
– Серіктестікте 72 адам жұмыс істейді. ҚР «Арал жағалауы туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші жұмысшының негізгі окладының 50 пайыз мөлшерінде қосымша төлеуге және бір оклад көлемінде материалдық көмек жасауға міндетті. Ал біздегі 24167 теңгені құрайтын айлық жалақы экологиялық коэффицентпен бірге есептелген, – дейді «Дәулетэнерго» ЖШС менеджері Серік Боранбаев.
Осы салаға бірнеше жыл бойы үздіксіз тер төккен энергетик езуге күлкі үйіретін статистиканы да жасырып қалмады.
– Облыс бойынша орташа айлық көлемі – 221 796 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері – 42 500 теңге. Біздегі басшы мен қызметкерлердің ең төменгі айлық мөлшеріне аз айлық белгіленгенін ұзақ уақыттан бері айтып келеміз. ҚР Еңбек кодексі мен Еңбек ұжымдық келісімшартының талабы бойынша айлық жалақы берілмеуге болмайды. Жылда айлық мөлшерінде инфляция деңгейінде индикация жасалуы тиіс, – дейді С.Боранбаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы ең төменгі айлық мөлшерін 45 000-нан – 60 000-ға арттыру туралы тапсырмасын орындау тіпті қисынсыз.

Жаңа баға жаға ұстата ма?
Бүгінгі таңда ауданға тасымалданатын электр энергиясының 13 процентін пайдаланушыларды бюджеттік мекемелер құрса, 50 процентін жеке тұрғындар, қалған бөлігін кәсіпкерлер, ауылшараушылығы саласы сынды тұтынушылар алады.
Жобаға ұсынылып отырған тариф төмендегідей. Жекелеген тұрғындар үшін орташа босату тарифі – 18,51 теңге. Олардың қатарындағы бірінші деңгей –18,05 теңге болса, екінші деңгейге – 22,21 теңге ұсынылған. Ал үшінші деңгейге – 27,17 теңге белгілену көзделген.
ҚҚС-сыз заңды тұлағалар үшін орташа босатылту 22, 15 теңге, бюджеттік мекемелерге – 27,53 теңге, өзге тұтынушыларға – 20,31 теңге деп көрсетіліп отыр.
Кәсіпкер, тұрғын Роза Қартабай: «Бұл негізсіз өсім емес, қолжетімді өзгеріс. Түрлі қымбатшылық кезеңінде осындай тарифті ұсыну халыққа да, қызмет берушілерге де тиімді», – дейді.
Жылу жайы көпке уайым
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нің «Қазалы-Теміржолжылу» филиалы қызметін аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі 2 мешіт, 26 бюджеттік, 74 теміржол тарапты мекемелері, 5 қабатты 3, 2 қабатты 69 және 294 жеке тұрғын үй тұтынады. Ауданға көгілдір отын жеткенше, мазутты пайдаланған мекеме газбен жылыту мүмкіндігіне ие болған соң, бағасын арзандатып, жергілікті жұртқа жайлы жұмысымен көрінген.
Мекеме басшысы Нұрылда Әбілдаев оған бірнеше негіздеме келтіреді.
Филиал 2020 жылды 55,9 млн теңге, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығын 18,4 млн теңге зиянмен аяқтаған. Негізгі себеп, жоспарлы табыстың толық түспеуі, соңғы жылдардағы шығын түрлерінің қолданыстағы тарифтік сметада қаралмағаны. Оған қоса пайдалану мерзімі бітсе де, әлі жұмыс істеп тұрған тозығы жеткен қазандықтар, жылу өндіру қуатының төмендігі, шикізат және материалдардың нормадан артық жұмсалуы кедергісін келтірген.
Кәсіпорынның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша ұсынылған жобалық орташа босату тарифі 1 Гкал-ға қосымша құн салығынсыз 12054,75 теңгені құраған. Бұл қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 40,8 пайызға өзгерген. 2016 жылғы белгіленген тарифпен жұмыстарын ұсынып отырған орталық қызметкерлері мұны негізсіз емес дейді.
– Көлемі 156 шаршы метр бес бөлмелі, жылу энергиясын есепке алу аспабы жоқ жеке тұрғын үй үшін кететін айна шамамамен 3,45 Гкал жылуды 18714,6 теңгемен есептесек, 6457,02 теңгені көрсетеді. Сондай көлемдегі табиғи отынмен жылытылатын тұрғын үй айына 15 357, 14 теңгенің газын жағады. Айырмашылық 89000 теңге. Кент тұрғындарының 95 проценті үйлерін көгілдір отынмен жылытады. Біз осы ақыға жобалас жылу тарифінің белгіленуіне мүдделіміз, – дейді Нұрылда Қалдашұлы.
– Қазіргі кезде бағалардың өзгеруін негіздеуге ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізуде. Сонымен бірге тұрғындарға тариф жүктемесін азайту барлық қажетті шаралар қабылданбақ. Өткізілетін жария тыңдаудың қорытындысында айтылған ескертпе-ұсыныстар ескеріліп, соңғы шешім қабылданады, – дейді Ғалым Тойлыбаев.
Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бағаны аспандату тұтынушылардан айырылып, мекеменің жабылу қаупін тудыратынын айтады. Бағаны мемлекет емес, нарық реттейді. Коммуналдық төлемақының түбіртегі келген сайын маза қашатын жағдай жекелеген жандарға ғана емес, экономикаға да салмағын түсіреді. Себебі ол бизнес үшін кедергі, өндірісті өрістетіп, бәсекелестікті бәсеңдетеді. Аудандағы жылу мен жарық беретін қос мекеме бүгінгі беталыспен жұмыс жүргізсе, құрдымға кетері анық. 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бастап нарықтағы мемлекеттік баға жойылды. Коммуналдық қызмет құны да еркін айналымға жіберілді. Жекеменшік кәсіпорындарға тариф туралы бұйрық беру – заңға қайшы. Жеңіп алғандар қандай құн белгілеймін десе де ерікті. «Ет сасыса, тұз себеміз, Тұз сасыса, не себеміз?» дегендей коммуналдық қызмет құнының көтерліуі жүзеге асса, «жығылған үстіне жұдырық» болмай ма?

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА


02 қазан 2021 ж. 347 0

Ел өзегі – мемлекеттік тіл

24 желтоқсан 2024 ж. 96

Өнегелі өмір өрнегі

24 желтоқсан 2024 ж. 85

Басты мақсат – халық игілігі

24 желтоқсан 2024 ж. 67

ЖАРҚЫРА, ШЫРША ШАМДАРЫ!

24 желтоқсан 2024 ж. 84

Елімізде қар жауып, аяз түседі

23 желтоқсан 2024 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031