Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жылу мен жарық арзандады

Қызылордада жылу мен жарық арзандады

Қызылордада жыл басынан бері коммуналдық қызмет арзандады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов мұның басқа аймақтарға қарағанда төмен екенін жеткізді.
– «КЕГОК» компаниясы электр энергиясын беру қызметі мен оның жүктемесін көтеру жөніндегі әзірлікті қамтамасыз ету құнын түсірген болатын. Соған байланысты «Дәулетэнерго» серіктестігі тұрғындар үшін – 19,16-дан 18,80, «Шиелі жарығы» – 17,95-тен 17,40, «Энергосервис» 16,70-тен 16,33 теңгеге дейін кемітті, – деді ол.
Жергілікті халық қаңтардан бері 1 Гкал жылу энергиясы үшін бұрынғыдай 2799,96 емес, 2643,75 теңгеден төлей бастады. Мамандар мұны Қызылорда жылу электр орталығы бекіткен тарифтік сметаның ішінара орындалуымен байланыстырады. Тариф пайдаланудың бесжылдық мерзімі биыл аяқталды. Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті бүгінде оны қайта қарап жатыр.
Су бұру, сумен, газбен жабдықтау қызметтерінің ақысында әзірге өзгеріс жоқ.
27 қаңтар 2021 ж. 2 672 0

Еңбегімен елге сыйлы

20 мамыр 2025 ж. 58

Ыбырай атаға арнау

20 мамыр 2025 ж. 60

ШАХМАТТАН ТУРНИР ӨТТІ

20 мамыр 2025 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031